Суды жоспарлы түрде қарашаның 24-нен 25-не қараған түні тоқтатылады. Астанананың Есіл және Алматы ауданының бір бөлігі, сондай-ақ, қала аумағындағы кей ауылдар сусыз қалады, — деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» «Астана су арнасы» МКК-ға сілтеме жасап.
«Астана су арнасы» өкілдері Момышұлы мен Төлебаев көшелерінің қиылысындағы су құбырын Д=1000 миллиметрге ою бойынша жоспарланған жұмыстарға байланысты 2016 жылы 24 қарашада сағат 00:00-ден 25 қараша сағат 09:00-ге дейін келесі аудандарда су болмайтынын хабарлайды: Есіл ауданында — Ақорда, Министрліктер үйі, Парламент, Автошаруашылық, әуежай, №16 өрт сөндіру бөлімі, медециналық кластер, ҚР Президенті Істері басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы, №3 перзентхана, ІІМ госпиталі, балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, қан орталығы, BI-Village, Family Village кешендері, «Саранда», «VIP Саранда» тұрғын үй кешендері, Сауран, Сығанак, Түркістан, Керей мен Жәнібек хандар көшелері және «EXPO-2017» аумағы. Сонымен бірге, Есіл ауданындағы Пригородный, Телман және Заречный ауылдарында.
Алматы ауданында №1 және №2 қалалық ауруханаларында, Промышленный және Железнодорожный ауылдарында су болмайды.
Сонымен қатар, Есіл ауданының басқа да бөліктерінде, соның іш