ru.ult.kz
  • Главная
  • Общество
  • Культура
  • Спорт
  • U magazine
  • Вторая Республика
  • В мире
No Result
View All Result
  • Главная
  • Общество
  • Культура
  • Спорт
  • U magazine
  • Вторая Республика
  • В мире
No Result
View All Result
ru.ult.kz
No Result
View All Result

Главная страница » Любовь к Родине начинается с любви к родному краю

Любовь к Родине начинается с любви к родному краю

Редакция Ult.kz by Редакция Ult.kz
1 сентября, 2017
in Без рубрики
0

Президенттің бүгін жарияланған мақаласында еліміздің рухани-идеологиялық дамуының таяу жылдарға арналған бағдарламасы көрсетілгендей әсер алдым.

Әрине, латын әліпбиіне көшу, ағылшын тілін меңгеріп, әлемнің озық мемлекеттерімен иық теңестіру, арамызда жүрген замандастарымыздың жетістіктерін насихаттау – бұлардың бәрі де келісетін, қолдауға тұратын бастама. Әйтсе де, өз басым жаныма жақын қабылдаған «Туған жер» бағдарламасы туралы айта кетейін.

Қазақ «Отан отбасынан басталады» дейді. Яғни, Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен қаланады. Сондықтан, мемлекет басшысы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасы «елім, жерім» деп жүрген әр азамат қолдап алып кетуі тиіс жұмыс болуы керек деп ойлаймын.

«Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? …Жалпы, бағдарламаның мәні неде? Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс. Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек. Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Бұл жерде де көп жұмыс бар. Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады. Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады» деп жазды Президент.

Жерлестеріміздің назарында шығар, 2012 жылдан бері санаулы азаматтың өз күшімен ғана шығып келе жатқан «DANAkaz» тарихи-танымдық журналының да басты мақсаты – ең алдымен туған жердің тарихын түгендеу, тұлғаларымызды тану, өлке тарихының өшпес парақтарын жаңғырту болатын. Өлкемізде жиі кездесетін, өкінішке қарай соңғы жылдары жаппай тозып, жойыла бастаған, ХVIII-ХХ ғасырларға тән араб жазулы құлпытастарды да зерттеу арқылы баба тарихымыздың бос қалған ақтаңдақтарының орнын толтыруды мақсат еттік. ХХ ғасырдың басында ұлт зиялылары асқан қиындықпен шығарып, қараңғы қазақ қоғамына шырақ етіп таратқан алғашқы басылымдар – «Қазақстан», «Ұран», «Дұрыстық жолы», «Ұшқын» секілді газеттерді де түгендеп, қазіргі әліпбиге аударып, кітап етіп шығарғанда – қазақ зиялыларының, Алаш арыстарының қаламынан туған әр сөз бүгінгі оқырманға сол күйінде жетсін деген ойда болдық. Бұл ой, бұл жұмыс бүгін, міне, Елбасымыздың жаңа бағдарламасынан қолдау тауып отыр.

Оқырмандарымыз хабардар, жақында ғана 57 мұсылман мемлекетінің басын қосқан халықаралық IRCICA орталығы Батыс Қазақстан өңіріндегі араб жазулы құлпытастарды «біртұтас Ислам мәдениетінің құндылығы» деп жариялап, ағылшын тілінде бірнеше кітап шығаруға ниетін білдірді. Қазақ жерінің, соның ішінде Батыс Қазақстан өлкесінің ХХ ғасырға дейінгі рухани дамуы, діни қайраткерлер мен мешіт-медреселер тарихы бүгінде әлем зерттеушілерін де қызықтырып отыр. Мықты тарихшы жерлесіміз, тарих ғылымдарының кандидаты Жәнібек Исмурзин де осы тақырыпта ізден

Previous Post

«Мысль о том, что Бог нуждается в «празднике обнаженного ножа», не укладывается у меня в голове…»

Next Post

Назарбаев: Курбан айт способствует сохранению единства между различными этносами

Next Post

Назарбаев: Курбан айт способствует сохранению единства между различными этносами

Свежие записи

  • Какими будут цены на жильё в 2026 году? – ответ эксперта 18 декабря, 2025
  • В Алматы на борту самолёта иностранные граждане устроили драку 18 декабря, 2025
  • В Семее мужчина вырвал у беременной женщины телефон и применил силу 18 декабря, 2025
  • Самолёт Air Astana с 138 пассажирами совершил вынужденную посадку в Дели 18 декабря, 2025
  • Девушка проткнула парня ножницами из-за сообщения в телефоне 18 декабря, 2025
  • Каким будет курс золота в 2026 году – прогноз эксперта 15 декабря, 2025
  • Курс тенге к доллару в 2026 году: прогнозы экспертов и неожиданные тренды 15 декабря, 2025
  • Что ожидает экономику Казахстана в 2026 году? – мнение эксперта 15 декабря, 2025
  • «Сжёг из ревности»: в Петропавловске мужчина приговорён к 25 годам за убийство гражданской жены и двух друзей 15 декабря, 2025
  • Павлодарская пенсионерка перевела 2 млн тенге мошенникам, думая, что «возвращает деньги государству» 15 декабря, 2025

Рубрики

ULT TV U magazine Актуальное Без категории В мире Вторая Республика Год рабочих профессий Духовность Защита Интересное Комментарии Культура Национальная история Национальное искусство Общество Политика Постtimes Преступление Регионы Спорт Экономика и бизнес
Құрылтайшы: «Tengri Gold» ЖШС
2012-2021 © Ұлт порталы
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ71VPY00084887 куәлігі берілген.
Авторлық және жарнама құқықтар толық сақталған.

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Рубрики

  • U magazine
  • ULT TV
  • Актуальное
  • Без категории
  • В мире
  • Вторая Республика
  • Год рабочих профессий
  • Духовность
  • Защита
  • Интересное
  • Комментарии
  • Культура
  • Национальная история
  • Национальное искусство
  • Общество
  • Политика
  • Постtimes
  • Преступление
  • Регионы
  • Спорт
  • Экономика и бизнес
  • Главная
  • Общество
  • Культура
  • Спорт
  • U magazine
  • Вторая Республика
  • В мире

© 2025 JNews - Premium WordPress news & magazine theme by Jegtheme.

No Result
View All Result
  • Главная
  • Общество
  • Культура
  • Спорт
  • U magazine
  • Вторая Республика
  • В мире

© 2025 JNews - Premium WordPress news & magazine theme by Jegtheme.