ru.ult.kz
  • Главная
  • Общество
  • Культура
  • Спорт
  • U magazine
  • Вторая Республика
  • В мире
No Result
View All Result
На казахском
  • Главная
  • Общество
  • Культура
  • Спорт
  • U magazine
  • Вторая Республика
  • В мире
No Result
View All Result
ru.ult.kz
No Result
View All Result

Главная страница » Политика » Проект «100 новых учебников» вносит импульс в книжную индустрию на казахском языке — Мухтар Сенгирбай

Проект «100 новых учебников» вносит импульс в книжную индустрию на казахском языке — Мухтар Сенгирбай

20 августа, 2019
0

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жүзеге асырылғалы бері 2 жылдың жүзі болды. Осы уақыт аралығында әлемдік деңгейде танымал 48 кітап қазақ оқырманына жол тартты.

Биылдан бастап аталған жобаның үшінші кезеңі жүріп жатыр. Осы орайда аталған жобаның басы-қасында жүрген белгілі журналист, Философия докторы (PhD), Ұлттық аударма бюросының бас редакторы Мұхтар Сеңгірбаймен сұхбаттасқан едік.

— Үшінші кезеңдегі аударма процесі қалай жүріп жатыр? Қандай оқулықтар аударылады? Аударма жұмыстары қай кезеңге келді?

— Өздеріңіз білесіздер біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында басталған «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасының үшінші кезеңіне өттік. Кітаптардың көбінің аудармасы бітіп қалды, біршамасында аудармадан кейінгі редакциялау, түзету, беттеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл кітаптар жыл соңында, алдағы жылдың басында жарық көруі керек. Жарыққа шыққанда тұсаукесерін өткіземіз.

— Қазақстандық кітапханалар қандай саладағы әлемдік білім қазынасымен толығатын болады?

— Жаңа 30 кітап Англиядағы азаматтық құқық, келісімшарт құқығы, зияткерлік меншік құқығы, жаһандану және халықаралық саясат, саяси философия, педагогика, этика, эстетика, әлем музыкасының тарихы, театр тарихы, кино өнері, киносценарий жазу, тарихи антропология, тарихи этнология, жеке қаражат, статистика негіздері, зерттеу әдістері, макро және микроэкономика сияқты алуан түрлі тақырыптарды қамтиды. Бұл кітаптар ағылшын, француз, орыс тілдерінен аударылып жатыр. Көпшілігі өз саласының аса беделді ғалымдарының әлемге әйгілі еңбектері. Мәселен, Жил Делөздің «Синема» кітабы екі том болып шықпақшы.

Кітаптардың аударма, редакциялау жұмыстарына беделді мамандар, ғалымдар, аудармашылар қатысып жатыр. Олардың арасында Жамбыл Артықбаев, Ақтолқын Құлсариева, Гүлжаухар Көкебаева, Гүлжихан Нұрышева, Әлия Бөпежанова, Дидар Амантай, Танагөз Ілиясова, Қайрат Молдашев, Серік Бейсембаев сияқты өз саласының ғалымдары мен әдебиет майталмандары бар.

— Бір кітапты аудару үшін қанша адам жұмылып жұмыс істейді? Бір кітапқа қанша уақыт кетеді?

— Әр кітаптың көлемі мен мазмұнына, мәтінге байланысты аудармаға қатысатын адам саны әркелкі. Оның үстіне кітапты әзірлеу процесінің кезеңдерінде оған түрлі мамандар қатысады. Алдымен аудармашылардың қолынан өткен мәтін ғылыми және әдеби редакторларға келіп түседі. Бір кітапта 1-ден 7-8 аудармашы болуы мүмкін. Аудармашыларға тілді білу, саланың терминологиясын түсіну бойынша қатаң талаптар қойылады. Әдеби және ғылыми редактурадан өткен соң оны «Ұлттық аударма бюросының» редакторлары мен корректорлары тағы тексереді, түпнұсқамен сәйкестігіне көз жеткізеді. Бюрода әр кітапқа тағайындалған жауапты шығарушы оқулық баспаға кеткенге дейінгі барлық процесті қадағалайды. Аударма — өте күрделі, ұзақ процесс. Оған жарты жылдан 1-1,5 жылға дейін уақыт кетеді.

— Бұл жұмыстар Қазақстандағы аударма ісінің дамуына, жетілуіне септігін тигізіп жатыр ма?

— Қазақстандағы ең ауқымды ғылыми әдебиетпен бір мезетте жұмыс істеп жатқандықтан, қазір «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы ғылыми терминологияны қалыптастырып, аударма ісін жолға қоюдың қайнаған қазанына айналды. Терминдерді апробациядан өткізіп, ғылыми айналымға енгізу бойынша Тіл саясаты комитетімен, Мемтерминкоммен тығыз ынтымақтаса жұмыс істеп жатырмыз. «Тіл қазына» орталығы мамандары біздің аудармашы, редакторлармен байланыс орнатып, мәселелерді талқылап отырады.

Бағдарлама аясында аударылып жатқан оқулықтардың көбі тиісті ғылым саласындағы терминологияны қалыптастыруға жол ашып жатыр. Сала мамандары, беделді ғалымдар мен білікті филологтар жаңа терминдерді қалыптастыруға көп күш салып жатыр. Бұл жоба біраз кібіртіктеп қалған ұлттық терминжасам процесіне қозғау сала алса, бұл да – ұлттың рухани жаңғыруының бір белгісі болса керек.

Біз байқаған тағы бір жаңалығы – бұл жоба жалпы қазақ тіліндегі кітап индустриясына, ғылыми-көпшілік аударма ісіне серпін әкеліп жатқан сияқты. Қазірдің өзінде түрлі ғылыми, ғылыми-көпшілік, әдеби және мотивациялық кітаптар шығаруға бет түзеген ұйымдар бой көтеріп жатыр. Бұл да болашақта тілдік ортаның сапалы, мазмұнды болуына, сол арқылы жалпы қазақ тілінің мәртебесін көтеруге сеп болады деп үміттенеміз.

-Үшінші кезеңде қазақ әде

Previous Post

В Жамбылской области имам зарезал соседа

Next Post

Глава правительства поручил усовершенствовать работу МФЦ «Астана»

Next Post

Глава правительства поручил усовершенствовать работу МФЦ «Астана»

Свежие записи

  • В Алматы откроется международная выставка «Тамгалы Код предков» 31 марта, 2026
  • 270 процедурных кабинетов закрылись: усилен контроль за незаконной медицинской деятельностью 31 марта, 2026
  • Шымкенте задержан подозреваемый, обещавший «быстро и без проблем» оформить водительские права через TikTok 30 марта, 2026
  • Жители Шымкента смогут видеть движение скорой помощи по своему вызову на карте в реальном времени 30 марта, 2026
  • Скандал на кинорынке: Kinopark — Kinoplexx Theatres заподозрили в незаконных сборах 26 марта, 2026
  • «220 тысяч тенге за рейс и миллионы часов в дороге: грузовая доставка в цифрах» 21 марта, 2026
  • Почему в Наурыз сажают деревья: что спрашивают про этот праздник казахстанские пользователи у Яндекс Поиска с Нейро 19 марта, 2026
  • Ущерб на 15 млн тенге: в Актобе задержан подозреваемый в краже 18 телефонов 19 марта, 2026
  • «Помогу получить диплом»: в области Абай задержали мошенницу 19 марта, 2026
  • Складская инфраструктура помогает бизнесу в РК расти 19 марта, 2026

Рубрики

ULT TV U magazine Актуальное Без категории В мире Вторая Республика Год рабочих профессий Духовность Защита Интересное Комментарии Культура Национальная история Национальное искусство Общество Политика Постtimes Преступление Регионы Спорт Экономика и бизнес
Құрылтайшы: «Tengri Gold» ЖШС
2012-2021 © Ұлт порталы
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ71VPY00084887 куәлігі берілген.
Авторлық және жарнама құқықтар толық сақталған.

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Рубрики

  • U magazine
  • ULT TV
  • Актуальное
  • Без категории
  • В мире
  • Вторая Республика
  • Год рабочих профессий
  • Духовность
  • Защита
  • Интересное
  • Комментарии
  • Культура
  • Национальная история
  • Национальное искусство
  • Общество
  • Политика
  • Постtimes
  • Преступление
  • Регионы
  • Спорт
  • Экономика и бизнес
  • Главная
  • Общество
  • Культура
  • Спорт
  • U magazine
  • Вторая Республика
  • В мире

© 2026 JNews - Premium WordPress news & magazine theme by Jegtheme.

No Result
View All Result
  • Главная
  • Общество
  • Культура
  • Спорт
  • U magazine
  • Вторая Республика
  • В мире

© 2026 JNews - Premium WordPress news & magazine theme by Jegtheme.