«Ұлт ақпарат» хабарлайды, Қазгидромет Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
18 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл облыстарында ауа райының өзгеруіне байланысты ескерту жасалды.
Аталған өңірлерде қатты жел соғып, желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Маңғыстау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.