Экс-президент Нурсултан Назарбаевтың інісі Самат Абиш шартты сотталды деп хабарлайды «Ұлт Ақпарат» мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидың фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
26 ақпан күні Нурсултан Назарбаевтың немере інісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Абиш жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды. «Оның генерал атағы мен мемлекеттік марапаттары алынды. Бірақ меншік-мүлкіне конфискация жасалмады», деп хабарлады «ДАТ»-тың инсайдерлік ақпарат көзі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда ешкім 8 жылға шартты түрде сотталмаған. Соған қарағанда, мүдделі біреулер «8 жыл» деген едәуір жазамен қоғамды алдарқатып, ал шындығында Самат Абишті түрме жазасынан алып қалған. Қаңтар оқиғасына бірден-бір кінәлі күштік құрылымның жоғары дәрежелі лауазымгері осылайша тиісті жазадан құтылды. Әлбетте, бұл «комедияның» басты режиссері Нурсултан Назарбаев екені тайға таңба басқандай аян жағдай.
Ең қиыны – бұл Әділетті Қазақстан құру бастамасын алға қойған қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың беделіне белгілі бір деңгейде нұқсан келтіріп, халықтың онсыз да төмен билікке деген сеніміне тағы бір үлкен сызат түсіргелі тұр. Жағдай осылай жалғаса