Эссе
«Алматы-2»
вокзалынан қала төріне қарай жүйтки салған троллейбус Ғабит Мүсірепов атындағы
академиялық Жастар мен балалар театрының тұсынан ызғытып өте берді. Қасымдағы
көнетоз пальто, мыжырайған малақай киіп, ескі бөкебай оранған жетпістер
шамасындағы орыс шалы тұнжыраған жанарын сол жаққа селсоқ қана бұрып:
–
Эх, Габит-аға! – деп ақырын күрсініп қалды. Елең етіп, қарттың жүзіне аңыра
қараймын. Екі-үш күннен бері қырылмаған сақал-мұрты мен жүдеу өңі күтімсіздеу
адам екенін аңғартып тұр.
Көмейіме
келіп қалған сауалды ірке алмадым.
–
Сіз сонда ол кісіні білген болдыңыз ғой?!
Сұрағымды
жақтырыңқырамай, бір қабағын кере, бозғылт көздерін бажырайта күңк етті:
–
Бірнеше жыл жеке шопыры болсаң сен де білер ең!..
Ойға
Ғабеңнің аңшылық жайында жазылған әңгімелері орала қалды. Көршіме еміне түсіп,
сөзінің шындығын тексергім келгендей:
–
Әрине, сіз, Ғабит Мүсіреповтің бала-шағасын да білесіз ғой?! – деймін тағы.
–
Хе-е! Роза мен Райханды… Раисаны білмей! Ал сен кімсің өзі?!
–
Журналист едім…
Межелі
жеріме жетпесем де шал түскен жерден қоса түсіп, соңынан ілбіп ілесіп келемін.
Қырсықтау
секілді. Сыңар балдағына қисая сүйеніп, ақсаңдай басады.
–
Не білгің келеді? – деді әлден уақытта.
–
Енді… Айтып берсеңіз болар еді… Қысқаша… Ғабеңмен ара-қатынастарыңыз
жайында…
–Хе!
– Тағы да бір қабағын көтере жалт етіп қарады. Кәрілік пен темекі сарғайтып
жіберсе де, әзір кетіле қоймаған тістерін көрсетіп бір езуден жымиды. Күлгенде
көздеріне нұр жүгіріп, түсі де жылына түседі екен.
Ауласы
аядай ғана шағын жер үйге келдік. Аты-жөні Александр Константинович Куликин
болып шықты…
***
Ғабит
Мүсіреповпен жүзбе-жүз 1971 жылы кездесіпті.
–
О кездегі пәтерім қазіргі Қаныш Сәтбаев пен Күләш Байсейітова атындағы
көшелердің қиылысында болатын, – деді. – Сол тұста бірқатар гараждар бар еді,
ішінде Ғабеңнің де жекеменшік «Газ-69» машинасы тұрады екен. Кезінде көліктің
«төресі» саналған сегіз орындық автомобиль. Оны кейін білдім ғой, әрине. Ауыр
құрылыс министрлігінде істейтінмін. Бір ірі шенеуні