«Nur Otan» партиясының бір топ депутаты Сталинград шайқасында жеңіске жетуге ерекше үлкен қосқан екі ауданға «Әскери даңқ аудандары» мәртебесін беруді сұрап, Үкіметке сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдауымызға БҚО-ның Бөкей орда мен Жәнібек аудандарының ардагерлер ұйымының өтініші себеп болды. Биыл Жеңіске 75 жыл толды. Аталған аудандардың тұрғындарының жүрегіне соғыс жара қалдырған. Сталинград соғысы үшін майданның жанындағы шепте тұрған олар талай рет бомбаның астында қалған», — дейді Шавхат Өтемісов Үкімет басшысына жолдаған сауалында.
Оның айтуынша, СССР Қорғаныс Халық Комиссары И.Сталиннің 1941 жылғы 26 қарашадағы №0444 бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Орда, Қазталов, Фурманов аудандарының аумақтары Сталинград әскери округінің құрамына енген.
«Еділдің жағалауына жақын орналасуы — Жәнібек пен Орда ауданының ауылдарын да әскери әрекеттер қайшыласқан аумақтарға айналдырып жіберді. Тарих ғылымдарының кандидаты П.Р.Букаткиннің мәліметтері бойынша фашистік авиацияның бомбалауының ауқымы мынадай: 1942 жылдың қазан және қараша айларында ғана фашистік неміс авиациясы Сайхин және Шунгай станцияларының төбесінде 22 топтық және