«Қазпошта» компаниясы кімге сатылады? Бұл сұрақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі дирекция басшысы Алмасадам Сатқалиевқа қойылды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
«Қазпошта – қордың портфеліндегі өте маңызды актив. Оның жекешелендірілуіне де баса маңыз беретініміз түсінікті. Нақтырақ айтқанда «Қазпоштаны» сату кезіндегі стратегиялық бағыт-бағдарды айқындап алу үшін біз кеңесші ретінде «KPMJ» халықаралық компаниясын тарттық. Ол «Қазпоштаны» жекешелендіру кезінде мынадай кеңесті ұстануды ұсынып отыр», — деді Алмасадам Сатқалиев тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында.
Халықаралық компания ІРО бизнесінің ауқымын ескере отырып, стратегиялық инвесторды тартуға кеңес берген. Яғни инвестор бизнестің салалық профиліне, логистикалық жұмысына инвестиция салуға кепілдік беруі тиіс. Сонымен қатар инвестор «Қазпоштаға» мемлекеттік бағдарламалар аясында жүктелетін Үкіметтің міндеттемелерін толық орындауы шарт.
«Біз нарықтың әлеуетті қатысушыларының «Қазпоштаға» қызығушылығы болуы мүмкін екенін біліп отырмыз. Кеңесші компания «Қазпошта» жекешелендірілетін кезде ІРО-ға қатысуы мүмкін компаниялардың тізімін бізге ұсынды. Бұл тізімде Ресейден де, басқа мемлекеттерден де компаниялар бар. Олардың бәріне «Қазпо