«Ұшқын» газетінің алғашқы редакторы Халел Есенбаевтан бастап, 1938 жылы газет тізгінін қолына алған Сақтаған Бәйішевке дейінгі 18 редактордың 12-сі атылған. «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі тарихи нөмерінде жарияланған «Жазықсыз жазаланған журналистер» мақаласында осы оқиғалар жайлы толық жазылған, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
«Ұшқын» газетінің алғашқы редакторы Халел Есенбаевтан бастап, 1938 жылы газет тізгінін қолына алған Сақтаған Бәйішевке дейінгі 18 редактордың 12-сі атылыпты.
Өткен ғасырдың алғашқы ширегінде жүргізілген зиялыларды қудалау науқаны журналистерді де айналып өткен жоқ. Қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай «қараңғы қазақ көгіне күн болуға» ұмтылып, алаш үні «Қазақ» газетінің рухында тәрбиеленген бір буын кеңестік дәуірдің алғашқы жылдары барлығы дерлік газет-журнал маңына топтасты.
Осындай ұшқыр ойлы, ұлтшыл тұлғалар жиналған бір ұя – «Ұшқын» газеті еді. Алғашқы саны 1919 жылы 17 желтоқсан күні Орынборда жарық көрген бұл үнпарақтың бірінші редакторы Орал өңірінің тумасы Халел Есенбаевтан бастап, 1938 жылы газет тізгінін қолына алған Сақтаған Бәйішевке дейінгі 18 редактордың 12-сі қуғын-сүргін жылдары жазықсыз жала жабылып, атылып кетіпті.
Бұлардың ішінде ең алдымен нысанаға ілінген 1922- жылдары газетке басшылық жасаған Жүсіпбек Аймауытов пен басылымының жетінші редакторы Әбдірахман Байділдин және атақты құран-қари Файзолла ишан «Інімсің жасың кіші, жолың үлкен, Таралып Шоң атадан жайған өркен» деп мақтайтын, журналистік жолын 1920 жылы «Ұшқын» газетінде редакция алқасының мүшесі ретінде бастаған Ахметсапа Жүсіпұлы.
Оған себеп мынау: 1930 жылдың басында БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекин арнайы жиын ашып республиканың бас басылымы «Еңбекші қазақ» газетін бұрынғы алашордашыл бағыт ұстануда, кері тартпа ескішіл, ұлтшыл «Қазақ» газетінің ізімен кетіп бара жатыр деген айықпас айып тақты. Барлық пәле осы айыптан басталған сияқты. Бұған дәлел аталмыш тақырып бойынша зерттеу жасаған қаламгер Тілекқабыл Боранғалиұлы, қазақтың зиялы журналшыларына қарсы қуғын-сүргін 1930 жылдың 21 сәуір күні басталды деген деректі алға тартады Өйткені осы күні Мәскеудің Бутыркасында жоғарыдағы үш арыс Ахметсапа Жүсіпов, Әбдірахман Байділдин, Жүсіпбек Аймауытов опат болды.
Сөзіміздің басында 1919-1938 жылдары газет басқарған 18 редактордың 13-і атылды дегенді айттық. Бұлар кімдер? Әуелгісінен бастасақ, тұңғыш редактор Халел Есенбаев 1938 жылы атылса, одан кейінгілер – Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, Б.Майлин, С.Сейфуллин, М.Жолдыбаев, Т.Рысқұлов, О.Жандосов, О.Исаев, Ғ.Тоғжанов, А.Мусин, Ж.Сәдуақасовтар да алғашқы редактордың тағдырын құшыпты.
Ал басылым тарихында үшінші редактор ретінде аты аталып жүрген һәм 1919 жылы жарық көрген газеттің алғашқы нөмірі осы адамның арнау өлеңімен ашылған, лирик ақын Бернияз Күлеев 1923 жылы 29 қаңтар күні өз ажалынан өлмегенде ол да атылары хақ еді.
1925 жылдың мамыр айында республика астанасы Орынбордан Қызылордаға қоныс аударуына байланысты «Еңбекші қазақ» (бұрынғы «Ұшқын») газетін Сыр бойына бұйдалап жеткізген газеттің төртінші редакторы Смағұл Сәдуақасов ше? Бұл арыс 1933 жылы темір жол апатына ұшырамағанда бәрі бір қызыл сүргіден аман өтпес еді. Тұлғаның өмір тарихын терең зерттеген алаштанушы-академик Дихан Қамзабекұлы: «С.Сәдуақасов «Мәскеу-Донбас темір жолы құрылысында уланды» деген ресми мәлімет бар. Бірақ бұған жұбайы, туысқандары сенген емес. Ол – бастапқы репрессия құрбаны. 1930-1931 жылдан НКВД және соған қатысы бар партия құрылымдары (Ежов, Шкирятов т.б.) орталық пен республикаларға ықпалы бар тұлғаларды есебін тауып, түрлі амалмен өлтіре бастаған болатын» дейді. Осыған қарағанда бұл адам да қызылдар құрбаны екені анық.
Қысқасы, қанды қасап жылдары газет басшыларынан тірі қалғаны төрт адам. Олар – Т.Сафиев, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов және Ж.Арыстанов. Бұлардың жаны қалғанымен тәні қуғын-сүргіннен көз ашпапты. Мысалы, газеттің екінші редакторы Тәмимдар Сафиев туралы зерттеуші Т.Боранғалиұлы 1921 жылғы бір құжатта «Т.Сафиев ұлтшылдықтың тұрпайы түрін көрсете жүріп, партиялық жұмыста белсенділік танытпады» деген сылтаумен жаза жүктеген дейді. Яғни, қудалауға түскен Т.Сафиев бой жасыру үшін Қарақалпақ айналып Мәскеу асып, ақыры сол жақта 1970 жылдары дүниеден өтіпті.
Қуғын-сүргін жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған белгілі өлкетанушы-жазушы Жайық Бектұров өзінің естелігінде: «1938 жылдың басы. Сәкеннің, Смағұлдың, Ілиястың, Тұрардың, Бейімбеттің, Жанайдардың, Ғаббастың, Әйтікеннің көздері құрығанмен, бір кезде солар отырған креслоларда абзал ағалардың бейне-белестері көз алдымызда сайрап тұрды… Қабағымыз ашылмайды. 1938 жылдың қысында газеттің орынбасары Сұлтан Лепесов пен сыншы Құлмырза Өтепов көзден таса болды. Көктемде Ж.Арыстанов, кейінірек аса алғыр білімді азамат Аманжан Сәрсенов және мен тұтқындалдық» деп жоғарыда тірі қалған төрттіктің бірі Жүсіпбек Арыстановтың да қудаланғаны жайлы дерек келтіреді.
«Түйені жел шайқаса