ru.ult.kz
  • Главная
  • Общество
  • Культура
  • Спорт
  • U magazine
  • Вторая Республика
  • В мире
No Result
View All Result
  • Главная
  • Общество
  • Культура
  • Спорт
  • U magazine
  • Вторая Республика
  • В мире
No Result
View All Result
ru.ult.kz
No Result
View All Result

Главная страница » Культура » Арда Сөздің Ақтангері

Арда Сөздің Ақтангері

Редакция Ult.kz by Редакция Ult.kz
14 ноября, 2019
in Культура
0

Рахымжан аға Отарбаев туралы айту – менің ауыр да құрметті міндетім. Ауыр болары, онымен жақын араласпағаным, бірге тамақ ішпегенім. Құрметті болары, оның әр кейіпкерін танып, әр кітабын қызыға оқығаным. Ұлы жазушының қатарлас, үзеңгілес, іштей жақын жазушыларынан алыс, кейіпкерімен тағдырын қосып, жүрегі бір, қаны қалам сиясымен бірге аққандай сезінген, ойы егіз оқырман болғаным азаматтық ақылым, ар-намысым үшін дұрыс деп білемін.

Қаламгер мен оқырман арасын байланыстыратын – өнер, тілдің тұғыры. Отарбаевтың ой ордасы – менің де алыстан көздеген мақсатым. Романының «Бас» деген атауын естігенде, көп кітаптың ішінен ерекшеленетіні белгілі. Ғабиттей классиктің «Арқа, көз әңгімелері» де еске түседі.

Ғазиз тәнінен Пегас ұшқан «Медузаның басы» да ақылға қылаң берді. Акутагава Рюноскенің Хе Сяо ерінің «Шабылған бас» – бұл да есімізде қалары анық, бар ойлар осыдан туындайды.

Амброз Бирстеннің «Үкі жылғасындағы көпірдегі оқиға» да еске түсті!

Бірақ Рахымжан ағам тым биік екен, талант тұяғы тосқан жерден шығады, көлденең жатқан көк тасты балшықтай илепті, Құлагер құлаштай өз дегенін істепті, сәнге салыпты!

Бұл ұлттың Басы туралы роман екен, көп кітаптың ішінен ерекшеленеді.

«Неге біз осы…» – деп, Оралханшыласақ, Мигель де Унамуно и Хугошаласақ, «Менің Испаниям ауырып тұр» деп егілсек, бар ұлт қаламгері қазақ деп тіні талып, жұлыны жұқарғаны, елдің белі талғаны анық.

Сол ұлылар жүрген, жоралы болса да, жаралы болар жолды Рахаң да жүріп өтті, сиясына ғұмырын құйып, тағдырын қазақпен теңестіріп. «Айналаға күміс тозаңын төге-төге Ай да өрісінен алыстап кеткен шақ. Пілтесі таусылған жұлдыздар да солғын тартып, сөне бастапты. Екіндіктен бері отырған орнынан қозғалмаған Ноэльдің құйрығы тозып, көзі кілегейленіп, кірпігі желімденіп шыдай алмады. Бозала бояқ жүгірген терезеден жүзін аударып, балконға шыққысы келген. Зауқы соқпады.

– Тіршіліктің тағы бір таңы атты. Бізге күлімдеп қарар ма екен? Не айтасың, Махамбет аға?-деді алдында тұрған ақсүйек басқа қарап. – Сені жеті қабат жер астынан қазып алдым. Үрлеп жан сала алмадым. Бірақ исі қазқ зәру болған мәңгілік мүсін жасадым. Маған риза бол. Сөкпе. Әлім құрыды. Титықтап біттім. Қайтамын Мәскеуге…

Ақсүйек бастың сәбидің алақанындай көз аңғалағы жылтыл қағып, жақ сүйектері сақ-сақ қозғалысқа енген екен дейді.

– Әй, Ноэль мені Алматыға лақтырып кету үшін көрімнен қазып алдың ба? Бұл не сұмдығың?

Сақ-сақ қозғалысқа енген жақ сүйектерден осы сөз анық естілді. Өң бе, түс пе айыра алмайсың».

Роман Ноэльдей ғалымның алдындағы Махамбеттің басымен сұхбаттасумен басталады! Өмір мен өлім, бар мен жоқ, кешегі мен бүгіннің ерегесі, өкпелі, назалы сөзінен кейін оқиға қоңыр тартып, жайлап қалыпқа түседі. Бірақ шыңыраудан ұшқан сұрақтар шығарманың өн бойында жаныңды шабақтап, ақылыңды тамақтап отырады. Роман көп пласты, мол қабатты, жазушы шын қазынасын терең көміп, өзге елесті емізіп, қиырлап тартып негізгі өзекті байламды – ақсүйек ақыл иесі ғана табардай шыжымдап салып, шырғалатып отырады.

«– Жеңгелерің ғой, — деді Ноэль жай күлімсіреп. – Жақсы адам. Мені күтудей-ақ күтті. Ағалары шетелде тұрады. Баяғы күміс тостақан табылған кезде оларды да тексеріп, зықысын шығарған. Тақпаған кінәсі жоқ. Бәріне шыдап бақты. Мен үшін. – Ноэль орнынан көтеріліп, рюмканы енді ұстай бергенде әлгі заржақ телефон тағы да шырылдап кетті. Керенаулау барып көтерген, ұстазы Герасимов екен.

– Жаңа ғана Венерадан есіттім, — дейді Михаил Михайлович саңқылдап. – Қазақстанның саған өкпесі жоқ. Риза шығар. Екі бірдей үлкен іс тындырдың. Құрметпен шығарып салғалы жатыр ма? Өңіріңе бірдеңе тақты ма өзі?

– Қайдан білейін, риза шығар. Қазақтар жақсы көргенін ішінде ұстайтын, ашып айтпайтын халық қой. Рас құрметтеп, шығарып салғалы отыр. Ал марапатқа келсек, ұяттымын. Екі қағаз ұсынған, дәретханаларыңа қойыңдар деп қайта өздеріңе жақсылық жасап кеттім. …Көйлегім емес, көңілім тозды».

Сұмдық сырдың беті ашылады!

Махамбеттің басын іздеген Ноэльдің жары бөтен ұлт. Өзге ұлттан жар тапқан Әлихан, Мұхтар секілді ұлылар халі еріксіз еске түседі. Жауабы да осында!

Құрметпен шығарып салмаған өз жұрты Герасимовтің алдында Ноэльдің жігерін сөгеді.

«Алтын ердің батқанын, иесі емес – ат білер,

Ер жігіттің қадірін туысы емес – жат білер».

А. Бек роман арнаған ер қазақ Бауыржан, шетте қадірлі Құрманғалиевтер, Құдайбергендер санаға шеге қағады.

Осының бәрін Рахымжан-суреткер сипай айтады,

мықты болсаң ұғып көр! Басты іздеуге мазасыз, жұртқа ұнамас Құрақтай жан кіріседі.

«Аса қадірлі Халықаралық «Бәйтерек» қорының төрағасы Нүри інім», — деп бастады хатын шатыраш жолдан шығып кетпей. – Еліміздің мәдениеті мен тарихында һәм ілім-біліміне өзіңіз басқаратын қор бас ие боп отыр. Арманда кеткен арыстардың аты жаңғырды. Жазған еңбектері елмен табысты. Жақсының қадірін кеш білетін қасқа халықпыз ғой. Жә, ауылдағы жаман шалдың хатын ежіктеп отыруға уақытың қайдан табылсын. Тоқ етеріне көшейін. Осыдан он жыл бұрын Ноэль деген ғалым бала бабамыз Махамбеттің көрін қазып, басын дорбасына салып, Алматыға алып кеткен. Мүсінін жасаймын, қайтадан тірі қалпына келтірем деп. О бала Мәскеуге көшіп кетіпті. Маған қайта-қайта хат жазған екен, оны әлгі көктемегір ауыл әкімі Қарауыл бермей, құйрығының астына басып отырыпты. Енді сол бабамыздың басы қараусыз қалып, жоғалып кетіпті деп естідым. Бір миллион адам сыйған Алматыға Махамбеттің қу басы сыймады ма? Жоғалған басты таптырып беруіңізді сұраймын. Сіздің пәрменіңіз болмаса, бізден қайран кетті. Басты ұлы денесіне қосып жерлемейінше, менде маза жоқ. Аруаққа жат, азаматтыққа сын ғой, айналайын! Ал айыпқа бұйырмаңыз. Өтініш иесі – Құрақ қарт».

Жұрт ішіндегі құр тұғыр емес, қарапайым ғана ақсақал кіріседі… Елдің жоғын, ел ішіндегілер ғана іздері анық. Төбедегі төре емес.

Махамбеттің басына ие болып Дәурен мен Айым ғана қалады. Елдің ертеңі де осылар, келтегі де осылар.

«Бәрі де Айымның айтқанындай болды. Көлденең қағылған ағаш-иыққа мойын жасап, оған бас сүйекті абайлап орнатып, үстіне шапан жабуы мұң екен, кәдімгі жертөленің бір мүшесіндей болды да қалды. Көңіліндегі істі тындырған соң, екеуі ыстық шай ішкен. Әңгімемен отырғанда түн ортасы ауыпты. Айымның қалта телефоны шыр ете түскен. Қоңырау шалған шешесі Қашқария екен. Бірден дүрсе қоя берді.

– Қаншық, біз сені ғалым болады деп тасынып жүрміз. Түнімен қыдырасың. Қайт, қазір. Шашыңды талдап жұлып қолыңа берейін! — деген дауыс саңқылдап кетті.

Ғылымда дәлелденген жайт, қазір екеуі де елес-бейнеге айналады. Тірісіндегі айтыс-тартысты, өкпе-назды тағы қайталар, — деп Айым қалшылдап қорқып, Дәуреннің құшағына кіре түсті».

Отарбаев туындысы күрделі жаңалықтарға толы, «Букер» сыйлығын алған «Бардодағы Линкольн» шығармасының авторы Джордж Сондерстің туындысына ұқсайды. Пол Остердің «4,3,2,1» шығармасы да осындай әдіске сүйенген. Қазақ жазушысы Рахымжан Отарбаев әлемнің бар әдебиетінің тәсілін меңгерген, ешкімнен кемшілігі жоқ. Әттең, талдаушысы кембағал…

«Жәңгір: – Жолдың бәрі соқпақ боларын, мойның – қазық, кәлләңа тоқпақ қонарын сезсең нетті, Махамбет. Бір жағым – өрт, бір жағым – құлама жар. Барыңда баптамадым. Енді таптаймын. Есіңде болсын!

Махамбет: – Тұрысатын жеріңді айт! Кінә – өзіңнен. Нар жайылар көңілдің жайлауына өңшең тоқал ешкіні ойнақтата алмаспын.

Бозғылт мұнар сейіліп жүре берді. Жәңгір де көзден ғайып болған. Қу бас та шапан жамылған қалпы тыншыған».

Яғни өткен күндер бүгінгі биіктен талданады, автор өз пікірін ұсынады.

«– Өзің надансың, — деді Иса әкімді ала туының ұшымен түртіп.

– Мен жаһандаспаймын. Бәрі ортақ. Қатын-балаң да ортақ па, сонда? Ішер асың, киер киімің… жапанда жалғыз өлермін. Көрші ауылға сыймай қаңғып келген ит. Саған қор қылғанша, сол басты өзім барып тауып алып келемін.

– Махамбетіңмен қоса құры, зәнталақ!

– Не дедің? Қайтала!

– Оттама!

Бір-біріне тың күшпен қайта ұмтылған әкім мен оппозиционерді хатшы қыз, шопыр балдыз, бухгалтер бойдақ келіншек тағы да арашалап әкетісті…»

Бұл жаһандасу деп өз өткенін ұмытқан әкім мен соған қарсы Иса, Құрақ ерегесі. Әлемнің жақсы-жаманын жұртқа тасып, шын асылын ұмытқан әкім жайы да тауансыз түсіндіріледі.

Рахымжан елмен бірге, әкімнен бөлек, жұртқа жаныашымастан жырақ.

«– Жағдай осы жігіттер,-деді төраға орнынан көтеріліп, терезе алдына барғасын. – Әлі күнге дейін арыс дейміз, ақтаңдақ дейміз. Бар тірлік кітап шығарудан аспай жатыр. Шетел мұрағаттарында жүздеген, мыңдаған құнды құжаттар бар. Кім оларды елімізге қайтарып, рухани айналысқа салмақ? Қашанғы шырылдай беруге болады? Әл-Фарабиіміз айдалада қалды. Бейбарыс Дамаскіде жатыр. Жалаңтөс баһадүрден айырылдық. Шәкәрімнің сүйегін алпыс жылдан соң құдықтан жіліктеп теріп алдық. Мұстафа Шоқай болса жат топырақта. Сырым мен Қаратауды ұмытуға айналдық. Енді қолымызда тұрған Махамбеттің басын жоғалту. Мен мұндай сұмдықты естіген емеспін…»

Бұл Имаш – Иманғали образы, төрде жүрген ұлт мүддесін көздеген жан сөзі. Жазушы билік біткен аққұла ұлтсыз емес, ел жайын ойлар жуан жілік, жұртжандылар бар деп сендіреді.

Роман кейіпкері Ноэль Америкада жүргенде, Махамбет басын іздеудің жаңа бір кезеңі басталады.

«– Мәселен, Халықаралық «Бәйтерек» қоры Махамбет ескерткішіне конкурс жариялайды. Ол үшін зертханалардың бірінде, жеке қолда сақталған ұлы ақынның өз бас сүйегі қажет. Басты әкеліп берген зиялы азаматқа мынадай мөлшерде сыйақымыз бар, десек үйлесе кетпей ме?

– Таптың, — деді министр қала әкімін құшақтап. – Кел, бір шыныаяқ шай ішейік. Төраға шетелдік іс-сапардан оралған соң тездетіп шешім алуын өтінейік.

– Келістік… »

Мол ақша ойдан-қырдан ақша сауған арам бездерді, қазақтан қазына жасаған Абраам, Слава, Әлім, Жорик секілді алаяқтарды көз алдымызға тосады. Ел байлығын тонаған жат мұрындарды көрсетеді.

«– Слав, кеше «Россия 24» каналынан берілген жаңалықты көрдің бе? – деген айналасына абайлап көз сап.

– Жоқ.

– Ендеше тыңда. Қазақтардың ертеде өлген бір ақынының басы жоғалып кетіпті.

– Жоғалсын.

– Өй, сенде бір… Соны тапқан жанға бір миллион доллар ақша ұсыныпты.

– Оны қайдан табамыз?

– Қажеті жоқ. Енді ақылдасатын шаруа бар. Сенің қолыңнан келеді.

– Айта бер.

– Мұсылмандар өз бастарына ие бола алмай жүріп… Өлгендердің басын іздеуге шығыпты. Қапы қалмайық.

– Тапсырма қандай?

– Эрмитаждың қоймаларының бірінде Кенесарының басы сақтаулы. Мен жолай алмаймын. Құйрығымда қоңырауым бар. Сенің жөнің бөлек. Әзірге өмірбаяның таза. Қырағы көзге ілінбегесің.

– Сонда…

– Сол басты алуымыз керек. Сақтап қоямыз. Қазақтар түбі оны да іздейді. Сол кезде сауда қызады. Қымбатқа өткіземіз.

– Қиын.

– Күзетшінің тілін тап. Қалғаны оңай. Жолын өзім айтам.

– Ойлап таппайтының жоқ, шеф!

– Пайда ортақ. Жарма-жар! Келістік пе! Әкел қолды! »

Сұрақтарды, катехизис секілді түсінікті әрі терең диалогтарды, кейінде айтылып жүрген «философиялық сұхбаттарға да» Рақымжандай жазушы көп мән береді. Суреттеп, созып жалықтырмай қысқа түсіндіреді, шын шебердің шедеврі көзге ұрады… Өз бастарына ие бола алмай жүріп,- деген үкімдей сұмдық сөзді ауызға алады туындыгер.

«– Ат дейм, иттің күшігі! – деп жуан полковник дамбалшаң жүгіріп солдаттарды қарғап-сілеп жүр. Құтқармады. Ала аттың бірі созыла барып омақаса құлаған. Оқ иесін де жайратып салыпты. Жүз қаралы солдат қалың жаудың бетін қайырғаннан бетер андағайлап жүгіріскен. Екіншісі үндіс сонадайдан орағыта шауып жолдасына алдымен жетті. Ажал оқ тиген. Қайран жоғын көрді. Көрді де ат үстінде тұрып жолдасының басын кесіп алған. Үш бас қ

Previous Post

Как мы можем говорить о сервисе, не наведя порядок в придорожных туалетах – Токаев

Next Post

Алматыским молодым специалистам арендное жилье предоставят в конце ноября

Next Post

Алматыским молодым специалистам арендное жилье предоставят в конце ноября

Свежие записи

  • Певец Торегали Тореали может вернуться испольнять айтыс 19 декабря, 2025
  • В Актобе скончались мать и младенец: родственники обвиняют сотрудников скорой помощи 19 декабря, 2025
  • В области Жетысу похищено более 212 млн тенге, выделенных на ремонт Дома культуры 19 декабря, 2025
  • Какими будут цены на жильё в 2026 году? – ответ эксперта 18 декабря, 2025
  • В Алматы на борту самолёта иностранные граждане устроили драку 18 декабря, 2025
  • В Семее мужчина вырвал у беременной женщины телефон и применил силу 18 декабря, 2025
  • Самолёт Air Astana с 138 пассажирами совершил вынужденную посадку в Дели 18 декабря, 2025
  • Девушка проткнула парня ножницами из-за сообщения в телефоне 18 декабря, 2025
  • Каким будет курс золота в 2026 году – прогноз эксперта 15 декабря, 2025
  • Курс тенге к доллару в 2026 году: прогнозы экспертов и неожиданные тренды 15 декабря, 2025

Рубрики

ULT TV U magazine Актуальное Без категории В мире Вторая Республика Год рабочих профессий Духовность Защита Интересное Комментарии Культура Национальная история Национальное искусство Общество Политика Постtimes Преступление Регионы Спорт Экономика и бизнес
Құрылтайшы: «Tengri Gold» ЖШС
2012-2021 © Ұлт порталы
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ71VPY00084887 куәлігі берілген.
Авторлық және жарнама құқықтар толық сақталған.

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Рубрики

  • U magazine
  • ULT TV
  • Актуальное
  • Без категории
  • В мире
  • Вторая Республика
  • Год рабочих профессий
  • Духовность
  • Защита
  • Интересное
  • Комментарии
  • Культура
  • Национальная история
  • Национальное искусство
  • Общество
  • Политика
  • Постtimes
  • Преступление
  • Регионы
  • Спорт
  • Экономика и бизнес
  • Главная
  • Общество
  • Культура
  • Спорт
  • U magazine
  • Вторая Республика
  • В мире

© 2025 JNews - Premium WordPress news & magazine theme by Jegtheme.

No Result
View All Result
  • Главная
  • Общество
  • Культура
  • Спорт
  • U magazine
  • Вторая Республика
  • В мире

© 2025 JNews - Premium WordPress news & magazine theme by Jegtheme.