«Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлынымнан» қауіп көріп тұрмасақ та, алдына барғанда көшелі кісінің өзі қипақтап қалатын мысы басым мэтрді бұдан бұрынырақта жазуға дәтіміз бармағанын бірінші абзацтан айтып қоялық. Түпсіз тұңғиыққа ыссылай ұрыну кімге опа берген?! Демімізді ішімізге тартып алып, енді жазуға кіріскенмен, тума таланттың әдебиетімізге қосқан ұшы-қиыры жоқ үлесін ақыр-тақырына дейін айтып шығатынымызғада уәде бере алмаймыз.
Құбылыс құлпы кім көрінгеннің кілтімен ашыла берсе, несі құбылыс?! Оның өз ішіне бүгіп қалатын немесе бізді бойлатпай, батырып тынатын бір-екі құпиясы ғасырларға тылсым күйінде кете баруы да ғажап емес. Аузы дуалы ағаларымыз оның классикалық көркем дүниелерін қаузаудай-ақ қаузады. Шеберлік сырын оқырманға ашып көрсетудей-ақ көрсетті. Десе де, дүние төңкеріліп жатқанда да сыр бермеген нұрпейісовтік позиция мен біраз буынды тәрбиелеген реформатордың заманауи әдебиеттегі жаңалығы әлі де болса зерттей түсуді қажет етеді. Себебі, Әбдіжәмил феномені өзінің түп төрелігінің төріне озды деп орнықты айту қиын. Рухани жан-дүниеміздің пейіші жазушы қаламының ұшында екенін ескерсек, салиқалы суреткер еңбегін кернейлетудің керегі жоқ шығар, бірақ лайықты бағалайтын уақыт туды.
Талантты құр тамсанумен тойдыра алмайсың, ол тек тура сөзге тояттайды. Басқасын білмедік, тап осы Әбең сенің көкалажалпақтығыңды көтермейді. Оныңызға пішту дегені бар. Ол – мақтап берген майды асауға арланатын адам. Көпшік қойғанның неше түрлі көкесіне құлағы тұнған. Оған қағыту да таңсық емес. Кейбір кісілер нақақтан-нақақ күйдіргенін қайда қоясыз?! Ақылы мен болмысы алпыс атанға жүк болғанымен, жүрегі жалғандыққа үзіліп кеткелі тұрған жазушының көңілін қалдыру кімге керек еді?! Ешкімге де бұра тартпайтын түйінді тұжырымға ғана тоқтайтын туындыгер туралы толғау – содан да – қияметқайым шаруа. Орысша орағытсақ, оған керегі – қалтырап отырып жазған «дифирамб статья» емес, «предметный разговор». Бұдан басқа жолды таңдасақ, жамаймын деп жүріп, жыртып алатынымыз айқын.
І
«Қазақстан – контрастқа толы ел. Онда ерекше екі жер бар. Семей мен Арал. Алдыңғысында полигон болған. Тағдыр-тәлейі аумалы-төкпелі теңізге жақын тұста космодром орналасқан. Қоныстарды мекендеген халықтың көрмегені жоқ. Ұлттың классик жазушылары Мұхтар Әуезов пен Әбдіжәмил Нұрпейісоваталған өңірлердің тумалары екенін білгенімде таңқалдым. Қазақ туралы алғашқы әсерлерім барған бетте көзге алабөтен ұрып тұратын ұғымдардың аясында қалыптасуында бір сыр жасырынып жатыр. Қалай дегенде де осының бәрі сырттан барған адамды ойландырмай қоймайды».
Бұл – өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Англиядан Алматыға әдейі келіп, екі жыл бойы қазақ тілін үйренген Хью есімді жігіттің сөзі. Басқасында шаруамыз жоқ, мистикаға құмарлау шетелдік азаматтың пікірін әдебиетімізді танып-білгені үшін келтіріп отырмыз.
Тағы бір мысал. «Литературная газетаның» 2009 жылғы бір нөмірінде Ақтөбе қаласында «Қан мен тер» кейіпкерлеріне қойылатын ескерткішке орай жарияланған мақала да «Малая родина большого классика» деген бас тақырыбымен анадайдан айқайлайды.
Қарап отырсаңыз, жатжұрттықтар қос мақтанышымызды әлдеқашан классиктер классификациясына кіргізіп қойған. Жүрегің жылы қабылдайды. Ал өзіміз «Абай жолын» айтуды пәлен жыл жүріп, әйтеуір, үйрендік. Классика деп. Алайда, Әбдіжәмил Нұрпейісов шығармаларына келгенде көпшілігіміз әлі де кібіртіктеп қаламыз. Әрине, барды бар деп айтқан парыз, отыздыңішінде жүріп-ақ «Қан мен терді» тамырымен қопарып, оқырманға тамаша талдап берген Нұрлан Оразалин ағамыздың еңбегі ерен. Бірақ толағай туындыға бірді-екілі мақаланың аздық ететіні де тіл ұшына келе береді. «Соңғы парыз» туралы сүбелі сөзді де тек Әбіш ағамыз ғана айтқан сияқты. Неге екенін қайдам, классиканың қосылғанынан сүйегімізге таңба түсетіндей қай заманда да үркіп жүретін болдық. Жалпы, жақсы қасиет емес!
Мұхаң мен Әбеңдітаразының екі басына салып безбендеудің қажеті жоқ. Екеуі – екі әлем. Бірі – ұстаз, бірі – шәкірт. «Жазуға үйрету мүмкін емес, жазуға үйренуге болады» десек те, Мұхтар атамыз өкшесін басқан інісіне үлкен үміт артқан-ды. «Курландияның» кейбір тұстарын автордың өзіне оқытып көрген академик «жазғандарың оқтың тіліндей» деп бәтуалы батасын бірінші кездесуде қайырғанын, ұмытпасақ, Шериаздан ағамыздан оқыдық. Бұл – басқа тұрмақ, автордың көңіліне күпті көрінетін алғашқы кітабына берілген баға. Өкінішке қарай, «Ымырт» ұлы суреткер дүниеден озған жылы жарық көрмеп пе еді?! Дей тұра, сенімінің ақталғанын аруағы сезген де шығар, жарықтық! Ұстазының көзі тірісінде «Біз тілді Әуезовтен үйрендік!» деп жан-жағына жар салған шәкірт оның ізін басушы ғана емес, жоқтаушысына да айналғанын жер басып жүрген зиялылар ұмыта қойған жоқ.
Кейіпкеріміз туралы үлкен әңгімені Мұхаңсыз бастап кету мүмкін емес. Аталы сөзі аузынан түспейтін абыздың өзі бүгінге дейін «Абай жолын» екі күннің бірінде ақтарып отырғанда, Әуезовті аттап кету – арымызға сын.
Кеңес Одағы дүниежүзілік классикалық көркем әдебиетті де капиталистік елдерге қарағанда әлдеқайда жоғары бағалайтынын таныту мақсатында 1973 жылы шығарған 200 томдық «Бүкіләлемдік әдебиет» кітапханасының (оған дейін Франция 80, АҚШ 150 томмен шектелген) редколлегия мүшелігіне Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің аппаратындағы шенеуніктер қарсы болғанына қарамастан, Мәскеудегі әдеби ортаның омыраулауымен өткен Әбдіжәмил Кәрімұлы керемет жобаға енген «Абай жолы» эпопеясына алғысөз жазды. Жазғанда да қандай?! Оны айтудың керегі жоқ, оны оқу керек. Бетке ұстар бас жазушымызды жаһан оқырмандарына жаны қалмай, түйткілсіз таныстыра білген мақала авторынатуындыгердің туған қызы ризашылығын білдіргенін бұрын бір естігеніміз бар: «Менің әкем туралы қазақ та, орыс та, шүршіт те жазды. Бірақ сіз секілді ешкім мөлдірете алмады». Мұхаң туралы кезінде жұрттың бәрі әділетті әңгіме айтты деп кесіп айту қиын. Қызының жанын түсінуге болады.
Құндылығы сонда, Әбдіжәмил ұстазына қатысты «Ұлы» деген асқақ анықтауышты қолданудан бас тартпаса да, аталмыш «Слово об учителе» құр мақтауға құрылмаған. Таңдайын қағып тақылдамайды, түк көрмеген адамдай таңырқамайды. Әуезовке әлдеқашан тамсанып үлгерген оқырманға мақаладан келіп-кетер пайда бар ма? Осы сұраққа жүгініп жазғанына жүрегің жібиді. Нән екенің шын болса – аузын ашып, көзін жұмған қарапайым оқырманға ғасырда бір болатын құбылыстың жұмбағын шешіп бер!
Балшық құйылған шелекті тамтөбеге қалай шығаруға болады? Қос қолыңмен басыңнан асырып лақтырсаң, төгіліп тынады. Тым жақсы заттың обалына қаласың. Ал жоғарыға көтеріліп, әлгі ыдысыңа арқан байлап тартсаң, ең әдемі іс – сол. Шебер шәкірт осы схеманы таңдаған. Ғұламаның алдында құрдай жорғалап, мәнсіз, мазмұнсыз мәймөңкелемейді. «Жығылсаң, нардан жығылға» салып, үйдің үстіне қарғып шығады. Сосын саз балшықпен сомдалған материалды биікке ауанымен тартады. Немен? Сол кейіпкерінің өзі дайындап берген кемеңгерлік арқанымен. Талас жоқ, талантты туындыгерді байсалдықпен басыңа көтере білу де – үлкен өнер! Көбіміз осыны меңгере алмай келеміз.
«Разве можно подытожить, окончательно определить то явление, которое еще не окончено и продолжает свою тенденцию? С этим явлением – имя которому Мухтар Ауэзов – от начала своего до современного уровня связана наша письменная литература. Казахские писатели не могли миновать этого огромного художественного опыта. И каждый по-своему учился у него. А те, которые начинали с ним вместе или раньше, при всем своеобразии их таланта, самобытности и несхожести творческого почерка не могли не присматриваться и не сверять своего пути, хотя бы с дистанции, по этому яркому художественному ориентиру в молодой литературе».
Қай тілде жазса, сол тілде ойлана алатын сирек қабілетті бойына сіңірген кейіпкеріміздің көп мәселені қамтыған сүбелі мақаласынан келтірілген үзіндінің өзінен-ақ кемеңгердің келісті кескінін көресіз. «Мықтының мықтылығын мықты ғана айта алады». Оның үстіне, басқалардың да алдын көрген шәкірт «Ғабең ренжіп қалады-ау», «Сәбең енді сәлемімді алмайды-ау» деген тәрізді жалған ұятқа беріліп, бұқпантайламағандығымен де батыл ойларға бара білген. «Талант нуждается не столько в похвале, столько в справедливости»деп тапқырлықпен тарихи қорытынды жасайды. Эсседе өзі туралы ләм-мим демесе де Әбдіжәмил Нұрпейісовтің адами болмысының биік планкасы сыртқы қатар сызық арқылы көрініп тұруы да – ұстазға деген адалдықтың белгісі.
Мақаланы оқып отырып сол баяғы әлемді кезіп жүргендей күй кешесің. Классиктер әлемін емес. Әдемі әдебиет әлемі әлдилегенін сезесің! Классиктікке тіреліп тұрған ештеңе жоқ, ол – жәй формальдылық. Мұны шедевр жасаған шеберге тегін тықпаласаң да алмайды. Үздік үлгігердің бұдан былайғы өмірі өзінің атақ-даңқын күйттеумен емес, сол оқырман мойындаған құнды еңбек құдіреттілігінің қадырын кейінгі жазар туындысымен қашырып алмаудың машақатымен өтетінін білесіз бе? Даңқпен де, дақпыртпен де достаспай-ақ кететін Нұрпейісов кредосы – жариясыз да риясыз, сыртынан айтылатын оқырман алғысынан асқан атақ жоқ! Өмірінде әлі күнге дейін мерейтой тұрмақ, ырымға бір рет туған күнін тойламаған, дәлірек айтсақ, тойлатпаған тәубешіл туындыгер ең аяғы, өзінің пендешілік күпірлігіне де бой бергісі келмейді. Көп жағдайда ірілердің майда-шүйде пенделікпен ісі болмайтыны да осыдан-ау, шамасы. Әлгі қасиет жазушы біткеннің бәрінің бірдей пешенесіне жазыла бермейтін шығармашылықтың нағыз апогейі екенін былайғы жұрт бажайлай ала ма?! Көздеп айтпағымыз, қазақ әдебиетіндегі дәстүр сабақтастығының жалғасын табуы қиын жібінің бірі – сыни реализмнің – үзіліп қалмағанына Әбеңнің орасан еңбек сіңіргеніне ішің жылиды. Осыдан соң өмірден гөрі идеологияға негізделген социалистік реализм емес, идеологиядан гөрі өмірді өрнектейтін әуезовтік реализмнің өлмейтініне сенімің арта түседі.
Сонау «Қорғансыздың күнінен» бастап-ақ ақиқатты айтуға құрылатын сыни реализм бағытын қаймықпай ұстанған ұлы Мұхаңның жолы кейінгі толқында бүгінгі кейіпкерімізге ғана бұйырған десек, белден басқан болар едік. «Жылымық» жылдары әдебиетке шерулеп келген шарқайрақ шоғырдың шабына ши жүгірткен болар едік. Шүкір, қазақ керемет жазушыларға кенде емес.Шежіреміздің шерлі топырағында көмулі жатқан тұлғаларымызды тірілтіп берген, тек мәңгүрттікті әлем әдебиетінде ең бірінші болып меңзегенімен тарихта қалуға тиісті«келешектен келген» Әбіш Кекілбаев, жазушылық шеберліктері өз алдына, білімдарлықпен ойлылық сияқты қасиеттері логикалық жолымен сындарлыққа әкелген Төлен Әбдік пен Әкім Тарази, туған халқының «Елім-айы» мен шыбын жаны қатар таразыға түсе қалса, құдайға өзін садағалыққа қиятынын қапысыз айтып өлген, кеше ғана арамызда әулиедей болып жүрген Ақселеу Сейдімбек,жатыпатар пәлсапасының өзімен-ақ елдің бәрін үркітіп біткен интеллектуаль, талантын кісілерге көрсетуге тірісінде мойны жар бермей кеткен асылымыз Асқар Сүлейменов, әңгімелерінің өзімен-ақ табантірек нүктесін тауып алғандай әлемді төңкеріп кете жаздап жүрген жас ноқталар, шындықты шегелеп айтпаса, шайларын дұрыс іше алмайтын Рахымжан Отарбаев пен Жұмабай Шаштайұлы… Әуезовтік реализмнің рельсіне бертін келе түскен басқа жазушыларымыз да өздерін осы қатарға қосып жатса, ештеңе бүлініп кетпейді. Десек те, кеңес идеологиясына қарсы қылыш алып жүгіру салқынқандылықтың суын сарқып ішетін Әбдіжәмилдің қолынан ғана келді. Социализм дәуірінде басқалар айтуға тәуекел етпеген ақиқатты саясаттың сорпасына күйдіріп алмай жазып шығу бүгінгісінен бұрын болашағына барын салуға дағдыланған стратег-жазушы Әбдіжәмилдің қолынан ғана келді.
Айтыңызшы, тарихи трилогияда туындыгердің қызыл революцияға еметайы езіліп тұр ма? Жоқ. Қайта керісінше, автор сол дәуірдің барлық күрделі жақтарына тісі батқанша терең үңіле отырып, қоғамдық-әлеуметтік қайшылықтарды мейлінше қопаруды басты мақсат тұтты. Осы міндетін мінсіз орындағанын кітапты көзімен емес, көңілімен оқыған адам байқайды. Бұл Әбеңніңең басты жазушылық ерлігі екенін екінің бірі біледі. Мәселе, айтуда жатыр. Алғашқы реалист-жазушымыз Мұхаңның бірден-бір тікелей ізбасары оның сыни бағытына бастан-аяқ байланғанын трилогияның тұла бойынан іздемей-ақ тапқанымызды әлі күнге толыққанды айта алмай келген бізді кім кешіруі керек?!
Әбдіжәмил Кәрімұлын жазушы ретінде де, азамат ретінде де зерттеудей-ақ зерттегендердің біреу де болса, бірегейі – орыс сыншысы Николай Анастасьевтің «Қан мен тер» туралы айтқан мына сөзін көп адам білмес те: «перед нами произведение, написанное sub specіes aeternіtatіs». Бақсақ, бұл «біздің алдымызда мәңгілік белгісімен жазылған шығарма жатыр» деген мағынаны білдіреді екен. Осыдан асырып айту мүмкін бе? Олай болса, «Қан мен тер» шындыққа құрылған шығармалар көшін бастай беретінін қадап айтуға тиістіміз. Барынша объективті болу үшін оны басқа жазушылардың дүниелерімен салыстырғаннан гөрі өзінің «Соңғы парызымен» қатар қойып көрейікші. Таласпаймыз, жазылу шеберлігі жағынан бағалағанда тың туынды трилогиядан әлдеқайда мықты шыққан. Алайда, дилогия ешқашан «ағасының» алдын орай алмайды. Өйткені, жазушының өз позициясына әманда беріктігі мен адалдығы триптих-туындыны аласартпайтыны анық. «Қан мен тер» бізге басқаша ойлауға тыйым салынған социализм дәуірінде сыни реализм бағытында табандап отырып жазылғандығымен қымбат екенін қайталап айтқанымызға кешірім сұраймыз. Трилогияның өзіне ғана бұйырған тәлейін тартып алу үшін уақыттың дөңгелегін кері айналдырудан басқа жол жоқ. Жаңадан социализм орнату керек. Сүйкімсіз цензураны қайта қалпына қою қажет. Келісіңіз, бұл енді тіптен мүмкін емес.
Әбіш Кекілбаев ағамыздың мына сөзі есімізден шықпайды: «Оның (Әбдіжәмилдің – авт.) жұрттың бәрінің жабыла айтып жатқанын айтпай қалуы да қайсарлық. Жұрттың бәрінің айта алмай отырғанын айтуы да қайсарлық. Оның бойынан осы екі қайсарлықтың екеуі де молынан табылады». Басқалардай болмаудың жалғыз жолын «әдемі тауып кеткен» Нұрпейісов феноменінің формуласын оқырманға соқырға таяқ ұстатқандай көрсетіп берген Әбіш ағамыздың ақылы ақыл-ақ екенін ағымыздан жарылып айтпасақ тағы болмас.Шынында да, шыңыраудан шыңғырған шындықтың шырақшысындай көрінетін Әбдіжәмил Кәрімұлы осынысымен әлемдік масштабта қайталанбас тұлға болып қала бергенін тілер едік.
ІІ
Әлбетте, Әбдіжәмил кеңістігін жан баласы жатырқамайды деп жатамыз. Неге? Мұның басты себебін коммунистік идеологияның сыбызғысын тартудан сытылып шыға білгендігінен, адами арына өнепейінгі адалдығынан іздеген дұрыс. Халықтың мүддесін қорғау ең алдымен өз арының кірлемеуін ойлаудан бастау алатынын Әбең бесенеден біледі. Осы ретте Ресей газеттерінің біріне берген сұхбатындағы мына сөздері жадымызда: «И во все времена таланты живо сознавали свое моральное превосходство и моральное могущество». Оның пошымы бөлек парасатты пікірін өзіне қаратып айтсақ, жер қайысып кетпес. Шынында да басқалардан ар-ожданы биік адам ғана батыл ойларға бара алады.
1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің ізін суытпай Мәскеуге барып, алқалы топтың алдында қаңғып келген Г.Колбинді кері қайтару керектігін ең бірінші болып талап еткен, алпысыншы жылдары Одақты басқарған Н.Хрущевтің өзіне қазақ тілінің мүшкіл халін мүләйімсімей, мірдің оғындай қадап айтқан ағамыздың азаматтық, бәрінен бұрын жазушылық тұғыры о бастан заңғарда тұрғанын бүгінгі ұрпақ та білуі тиіс. Жолай бір мәселе, осындай тәрбиелік мәні зор батыл ой біздің қоғамда тез ұмытылып қалады. Оны жаңғыртып отыруға, үлгі етіп үкілеуге мойнымыз жар бермейтіні қинайды.
Жазушы позициясы жүз-мыңдаған, миллиондаған оқырман жүрегіндегі тығылып жатқан немесе тұншығып жатқан әлемнің сырын ашумен шектелмей, қам көңілді жұбататындай дәрумен қалыппен қайта оралатындығымен қымбат. Қорған болар қаламгер әркімнің жан-дүниесіндегі сілкіністерді асқан ептілікпен көкірегіне үюмен тоқтап қалмайды. Ол әлгі жиған-тергенін әр жүректің өз жазуындай жаңғыртып қайтара білу құдіретімен бағаланады. Басқаларын мазаламай-ақ қоялық, дарынды жазушылардың барлығын бірдей бұл безбенге салуға субъективтік себептер жібермейді. Өмірбақи қойдың соңында жүріп, биік белеске жеткен майталман малшы өмірін майын тамызып, төгілтіп жазып шығу жеткіліксіз. Көркем жазылған махаббат драмасы да бұл өлшемге келмейді. Салмағы аздық етеді. Романтизм мен сыни реализмнің жер мен көктей басты айырмашылығы сонда, айқын азаматтық позиция ұстайтын жазушы оқырмандарын қоғамдағы проблемаларды шешуге жетелейтіндігімен төрге озып тұр. Осыдан кейін өзінің көркемдік шеберлігімен де, өлермендік позициясымен де екіжақты байланысты бүге-шігесіне дейін қамтамасыз еткен жазушыны қалың ел мемлекеттік қайраткерден де жоғары қойып, ешкімнің нұсқауынсыз классик деп қабылдайтынын тыраштанып дәлелдеудің қажеті бар ма?! Айналып келгенде, осының бәрі – мәселенің бас қатыруға тұрмайтын жағы. Проблема классик атануда емес. Гәп – үлгілі дүние жаза білуде.
Сондықтан да классиктің «көңіл-күйін» күйттей бергеннен гөрі шығарманы классикалық туынды ретінде қарастырған абзал. Егер соған татитын болса! Жеке адамға табынудан іргемізді аулақ салып, дара шығарманы дәріптеуді үйренсек, мәдениеттілігіміз мінсіз болмай ма?!
Осы қалыпқа салып қарағанда «Қан мен тер» трилогиясын ХХ ғасырдың екінші жартысындағы, ал «Соңғы парызды» ХХІ ғасырдың басындағы классикалық шығармалар санатына қоссақ, көп адам қарсы бола қоймас. Тоқтам жалғыз: классикада бәрі де үздік үлгіге үздігіп тұруы тиіс. Мұнда шығарманың аталуынан бастап, ең аяғы кейіпкерлер қолданатын қыстырма сөздерге дейін барлық мәселе кесек туралса, кесіп айтар дәлел көбеймек. Солардың бірсыпырасын суыртпақтап көрсек…
Шығарманың атауы демекші, «Қан мен тер» мен «Соңғы парыз» атаулары символиканың жұпар иісімен одан әрі әрлене түскені айтуға сұранып тұр. Екі ұғымның тура мағынасының өзі көп нәрсені аңғартатынын былай қойғанда, Қан шығармада адамның ішкі жан-дүниесіне аса мән берілгенін білдірсе, Тер сыртқы сан-сапалақ құбылыстар да жазушы санасынан тыс қалмай, дүниеуи байланыстардың басын біріктірген. Ал «Соңғы парыз» оқырман алдындағы жазушы борышының орындалғанын айқындайтын аккордтай көрінеді. Бұл атаулар тіпті трилогия мен дилогияның басын біріктіріп тұр. Өмір бойы қаны мен терін төгіп келген адамның соңғы парызы болуы заңдылық. Бұдан кейін бес кітапты біртұтас дүние ретінде қарастырудан басқа амал қалмайды. Трилогиядағы Еламан-Ақбала-Тәңірберген драматургиясы дилогиядағы Жәдігер-Бакизат-Әзім драматургиясымен сабақтасып жатыр емес пе? Әбіш ағамыздың ойына жүгінсек, ғасыр басындағы қазақтың соры мен азабы әлі күнге жалғасып келе жатқанын тарлан туындыгер тап басқан. Әбдіжәмил аға мұның бәрін бұлақ басында тұрғанда-ақ түпкі нәтижедегідей жоспарлағанын да таңба салған тайымыз табылғандай бүгін біліп отырғандаймыз. Жазушы лабораториясының жарты ғасырдан бері швейцар сағатының тіліндей дәлдікпен бір мақсатты көздеп жұмыс істегенін енді дәлелдеп жату артық болар.
Қыстырма сөз демекші, «Соңғы параздағы» кейіпкер сөзінің «тұздығы» секілді «Шешеңнің шестернясы» Шыңғыс Айтматов кеңес әдебиетінде алғаш рет қолданған «бля, блядан» әлдеқайда сәтті шыққан. Мұны бақилық корифейіміздің шеберлігіне шек келтірмейтінімізді ескерте отырып айтуымыздың айыбы болмас. Оның үстіне, бәдік екеш бәдік сөздің өзін көркемдік дәрежеге көтеруге ұмтылып тұратын жазушы үшін ұсақ-түйек жоқ екенін, барлық деталь маңызды рөл атқаратынын бажайлап айтпасақ, тағы болмайды.
Ұсақ-түйек мәселе демекші, ең аяғы екінші пландағы кіші кейіпкерлерінің кейпі мен тірлігін де жүрегінен өткізген жазушы Судыр Ахмет пен Қарақатын образдарын да креативтік тұрғыдан алғанда мінсіз орындаған. Мұндай адамдар бұған дейін де болған, қазірде де бар, бұдан кейін де бола береді. Бірақ осы типаждар Әбдіжәмил Нұрпейісовтің кез-келген кейіпкерін саф алтындай сомдай білетін суреткерлігінің арқасында ғана классикалық образдар ретінде тарихта қатталғаны хақ.
Тарихта қатталған демекші, «Абай жолынан» кейін әдебиет майданында резонанс туғызғанына қарамастан «Қан мен тер» трилогиясының қырық жыл ішінде көрмеген құқайы қалмады. Қырғын соғысқа салғандай қанын да сорғалатты! Терін де аз сыққан жоқ. Себеп? Үш кітаптан тұратын қомақты дүниеге бей-жай қарау мүмкін емес еді. Барлық әңгіменің түп-тамыры осында жатыр.
1974 жылы туындының негізінде автор жазған пьеса бойынша қойылған спектакль КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылғанда Мәскеудегі кеңес әдебиеті мен театр сыншылары екі білегін сыбанып шыға келді: «Шығарма идеологиямызға жауап бермек түгілі, оны сайқымазаққа айналдыруға тырысқан. Бас кейіпкер Еламан қорытынды кітаптың соңына дейін социалистік төңкерісті «Түсінбеймін» деп кергиді. «Теңдік болғанмен, құлқын бірдей болушы ма еді?!» деп далбасалайды. Революционер персонаждарға жөні түзу есім де берілмеген. Қызыл комиссар кеудесіндегі жанын әзер алып жүр. Кеңес өкіметіне өмірін арнаған адамды көкжөтел қылып көрсету – барып тұрғанәдеби саботаж».
Қарап отырсаңыз, айтылған сөздің өтірігі жоқ. Тағылған айып негізсіз де емес. Цензураның «ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс» заманда «Қан мен тер» халықтың көз алдына шығып кеткеніне таңқаласың. Шығарманың сыйлықты қанжығасына байлағаны тіптен шындыққа жанаспайтындай. Отыз бес жылдан кейін бұған сенгіңіз де келмейді. Қош делік. Енді мына қызықты қараңыз?!
КСРО ыдырап, тәуелсіздіктің терезесінен сығалап тұрған тарихи тұста, сөз атаулы девалвацияға ұшырай бастаған тұста плюрализмді бей-берекет пайдаланатын өзіміздің жергілікті белсенділер баяғыда бағасын алған дүниені тағы да арлы-берлі ырғап, бақытына балта шабуға тырысып бақты: «Қан мен тердің» дәурені өтті. Ол өзінің актуальдылығын жоғалтты. Өйткені, бұдан былай кеңес өкіметін мадақтаған шығарманың сөренің көрнекті жерінде тұратын жөні жоқ». Ал керек болса!
Араларын бақандай он үш жыл бөліп тұрған пікірлердің екеуі де туындыны іске алғысыз қылуды көздегенімен, бірін-бірі жоққа шығарып тұр. Антогонистіктің бұдан асқан түрін көрсек не дейсіз?! Алдыңғысы кеңестің күйреуін көксейді деп сөгеді, екіншісі социализмнің шашбауын көтерген шығарма деп шыр-пыр болады. Түсініп көріңіз. Парадокс! Қайта, ойбай-ау, баяғыда орталықтан оңдырмай айтылған айыптарды бүгінгі күнге бұрып, өзі-ақ сұранып тұр ғой, шығарманың шырайын шығара түсуді ойламаймыз ба?! Жоқ! Қазақилығымыз жібермейді! Жалпы, белгілі бір шығарманың классика атануы таңдай қақтырар таңғажайыптардан тұратынын ешкім жоққа шығара қоймас.
Таңғажайыптар демекші, талай тартысты басынан кешірген трилогия пікір қақтығыстарынан қалай аман қалды?! Ең алдымен, трагедияға толы тарихи трилогия қай кезде де өзін-өзі қорғап келгенін ауызға алу ләзім. Өйткені, «инстинк самосохранение» тек классикалық туындының бойында жасырынып жатады. Екіншіден, бағалы еңбектің бағын байлағысы келіп, байбалам салғандар туындының танылу орбитасының тарылмауына жағдай жасады. Олар тегін жарнама жасағандарын кейін біледі.
Жоғарыда барынша тоқталып кеткен Нұрпейісовтің мақаласында әдемі бір ой бар: «Чем произведение правдивее и искреннее, тем оно историчнее». Оқ сөз! Шың сол, трилогия қым-қиғаш төңкеріс тарихына құрылмағанын көзәйнексіз көруге болады. Арал өңірі ұлан-ғайыр революция өртіне оранды дегенге ешкім сенбейді. Құдайшылығымызға құлдық ұрсақ, шығарма шындықты айна-қатесіз көрсетуімен, адамның ит-тіршілігін адами жеткізуіментарихи трилогия деңгейіне көтеріліп тұрғанын мойындайтын кез келді. Әбең бұл туындыны революциялық реңктегі бояумен баттастырмағанымен ұтты. Сыни реализм канондарын шығармасының өн бойына сыналап кіргізген автор ғасыр басындағы қоғамның қаны сорғалаған шындығын шынның жүзінде отырып, бойындағы буырқанған қызу қанымен, маңдайынан сорғалап аққан ащы терімен жазды. Керек десеңіз, мұндағы махаббаттың өзі тәтті сезімнен гөрі кермек дәмімен есте қалды. Рас-ау, шынайы өмірде махаббат деген патшағарыңыз – ләззатынан мұңы басым дүние! Соңғы екі сөйлеміміз шығарманың өмірмен тұтас астасып жатқанын тағы бір мәрте еске салып кетеді.
Тоқ етері, арши түскен сайын сарқылмайтын һәм салмақтана беретін қадір-қасиеттерімен «Қан мен тердің» әдеби иммунитеті мәңгілік мәртебе алды. Ал ортаңқол кітаптардың мұндай қорғанысқа құқылы болуға қауқары жете қоймайды. Себебі, айналасын «абыржытатындай» айбары жоқ күлдібадам кітап көпшіліктің назарын өзіне аударуға қаншама мүдделілік танытқанымен, босқа атылған оқтай айдалаға лаққаны – лаққан күйінде жалғыздықтың күнін кешеді.
Кеңестік әдебиеттану ғылымындағы есімізден тандыратын жағымды және жағымсыз кейіпкерлерге жіліктеу әдістемесі бұл туындыға жер тепкілеп жыласаң да жүрмейді. Бір ғана мысал. Ақбаланы кейде аяйсың. Кей тұста жиіркенесің. Кейбір қылықтарына қарның ашқанымен, бәрібір бір бүйрегің бұрып тұратын сүйкімді сұлуды әлгі жағымды мен жағымсыз кейіпкердің қайсысына жатқызар едіңіз?! Ешқайсысына да жатқыза алмайсыз. Бұл мәселеге келгенде, басқа кейіпкерлер де басыңды бір адамдай «қатырады». Идеалды адам болмайтынын әлімсақтан білетін автордың соцреализм дәуірінде кейіпкерлерді міндетті түрде екі топқа бөлу керектігін әдейі есінен шығарып тастағанына аямай қол шапалақтағың келеді. Адамды алаламайтыны үшін. Сырнайлатпай айтсақ, гуманист-жазушы адамдарды сортқа бөлуден қай замандада сауысқаннан сақ жүреді. Дедукциялық ой: құдай атып кеткен адам да өлерінен бір-екі күн бұрын біреулердің сауабын алып көз жұмады. Керемет деген кісіңіздің де кейде анализі айтқандағыдай болып шықпайды. Келіспеске амалыңыз қалмайды, дүниеде тек жақсы және тек жаман адамдар өмір сүреді деудің өзі жалпы диалектиканың заңына қайшы емес пе?! Абсолютті ештеңе жоқ. Кез-келген нәрсе, мейлі адам, мейлі құбылыс тек салыстырмалы түрде бағалануы тиіс. Бұл қағида кітап атаулының атасы Құранда да бастан-аяқ басшылыққа алынғанын соңғы уақытта дін жолында жүргендер жиі-жиі тілге тиек етіп жүр. Сондықтан болар, Әбдіжәмил Нұрпейісовтің реалист-жазушы дәрежесіне көтерілуі ең алдымен кейіпкерлерін жаман-жақсыға бөлмеуінен бастау алған.
Ағылшындардың ғажап сөз тіркесі бар: «Іarger than lіfe». Идеоманы аудару мүмкін емес. Өмірдегіден де əдемі деген мағынаны білдіреді. Əбдіжәмил Нұрпейісов жасаған кесек образдар галереясы жер басып жүрген пенделерден әлдеқайда жанды көрінуімен құнды. Өмірдің тек ғана тотанақтан тұрмайтынына иландыра білген Əбенің ең басты кредосы əр адамның өмір сүруге деген құлшынысын арттыра түсетінінен анық аңғарылады. Жазушы мəңгілігі осында жатыр.
ХХ ғасырдың прологындай болған «Қан мен тер», эпилогы ретінде қабылдауға тұратын «Соңғы парыз» секілді қадау-қадау дүниелердің басиесі халық алдындағы парызын ақадал орындады. Орындай да берер. Тек қара шалымыздың қуат-күшін құдай тартып алмағай деп тілейік. Бір анық, үнемі жақсы дүние дәметіп отыратын оқырман көңілін қалдырғысы келмейтін Әбең күні ертең таң атпастан «Ең соңғы парыз» деген романын оқуға әкеліп тұрса, таң қалмаңыз.
ІІІ
Кез-келген халықтың әдебиет марафонында аттандап айтпаса да көзге оқшау көрініп тұратын өз лидері болады. Қазақта да жазушылардың рейтингін жасап жүрген жан таппайсың. Бірақ қай қаламгердің қандай дәрежеде келе жатқанын әркім іштей сезеді-ақ. Осы ретте көзі тірілердің арасындағы оқ бойы озық жазушыны ажыратып алу қиын емес. Бұл – әсіресе, әдебиеттің басына бұлт үйірілген қиын-қыстау кезде ерекше байқалатын жағдай. Бабалар мен келешек ұрпақтың арасын қос ірі туындысымен жалғап тұрған алтын көпір өзінің қазіргі қазақ әдебиетіндегі көшбасшы екенін осы жылдары тағы да еріксіз есімізге салды.
«Нарықтық қатынасқа көшуіміз мұң екен, қалың жұрт кітап оқуды қойды. Рухани жұтаңдық ұлтты жұтатын болды. Жиырмасыншы ғасырдың аяғы көркем әдебиеттің жаназасын шығарудың аз-ақ алдында тұр». Саналы өмірінде соцреализмнің сойылын соғып келген жазушылар отряды қапелімде шығарма жазудың жаңа сүрлеуін салудың орнына салы суға кетіп, сарсаңкесекке түскен тоқсаныншы жылдары осындай әңгімелерден құлақ тұнатын. Бір жағынан бұл байбаламның баянсыз тірлік екенін құдайдан қорқатын қаламгерлердің біразы түсінді. «Жазушылық стихияны таңдап алған екенсің, қиын кезде де жауапкершіліктен қашып құтылуға құқың жоқ». Далбасалап кетпеннің басын басқанымен, сабы өзіне тиетінін әлі де жүні жығыла қоймаған кейбір жазушылар бір адамдай байқады. Бірақ сезу бір басқа, бүгінгі күннің өзекжарды мәселесін жеріне жеткізе иіп қаузайтын көркем шығарма жазу бір бөлек. Кеңестік кезеңде қасаң ізге түсіп алып, құйқылжытып келе жатқан қалың нөпір жазушының көбі басы тасқа барып тигендей өтпелі кезеңде шығармашылығын жалғастыруға жүрегі дауаламай қалды.
Тыңнан түрен тарту қашанда тапқырлықты талап етеді. Кесек туынды бір күнде қашан туа қалып еді?! «Сасқан үйрек артымен сүңгидінің» кебін киген мүйізі қарағайдай романистер «қарап отырғанша бірдеңеге жарап отырайықтан» әрі аса алмай, публицистиканың ауылына ат басын бұра бастады. Ел мен ұлтқа жаны ашитын қаламгерлердің бұл әрекетін де оқырман қауым түсінуге тырысып бақты. Алайда, публицистиканың аты – публицистика. Талдау мен сараптауға құрылатын көсемсөз оқырманның қышыған жерін қасудай-ақ қасығанымен, елді біржолата марғаулықтан құтқаруға дәрмені жетпеді.
Бірақ талантты жазушы қашанда таланттылығын танытпай тынбайды. Тар жолда тайғақ кешіп тұрып-ақ ол тұйықтан шығудың жолын көрсетіп барып өледі. Әрқашан ақиқаттың ауылынан алыстамайтын ақық суреткер саясатты сырт айналып, өмірдің өзін өрнектегенді ұнатады. Әбдіжәмил Н
Внутренней интуиции верный, сохранивший ее до сих пор деятель пера, за те годы ни разу не испытывал творческого кризиса. Несмотря на свойство находить выход из положения в любой ситуации, он считал правильным идти к цели, пусть и медленно. Он предпочел написать одну книгу десять раз, чем написать десять книг. Он исполнил свою великую миссию, достойную груза ста верблюдов, с достоинством и был удостоен почестей, тем самым показав классический образец того, как быть писателем и как им оставаться.
Человечество еще не до конца изучило все тонкости смены веков. Как бы то ни было, история неоспоримо свидетельствует о том, что на этом перекрестке времени происходит множество событий. Если хотите, начало и конец человеческой жизни похожи друг на друга, как две капли воды, на этом отрезке календаря. Сам Бог не отрицает, что начало жизни и прощание с бренным миром полны драматизма больше, чем все остальные события в жизни человека. Ведь и то, и другое – дело рук Творца. Абдижамил Нурпеисов точно понял эту закономерность как человек и как писатель. В одном из двух своих сложных и важных произведений он взял за основу крупное событие начала века, а в другом – ситуацию конца столетия. Случайность ли это? Скорее закономерность.
Некоторое время назад мы навещали нашего Абдижамил ага, который не любил наград и похвал. Увидев, что писатель сокращает «Последний долг» до самой смерти, я почувствовал, как по лбу выступил горький пот: «Ойбай-ау, Абе, что вы делаете? Это преступление. Какое право вы имеете, будучи автором, покушаться на книгу, которая уже стала духовным достоянием народа?»
«Эй, слушай, ты такой консерватор, что даже меня, кому за девяносто, переплюнул. Ты знаешь, что Марк Твен сказал: «В XXI веке будут читать только рассказы»? Кто будет читать эту огромную дилогию в будущем?! Я забочусь о том, чтобы мои произведения были полезны и будущим поколениям. Не мешай мне!»
Что вы хотите, чтобы я делал, видя такую самоотверженность, такую ответственность перед народом?! Разве это не самоотречение ради других, а не отрицание всего, кроме себя?! От метра, который считает не только литературу, но и все остальное делом чести, можно многому научиться. Если бы каждый из нас мог требовать от себя так же, как он, если бы мы могли сбросить с себя покров ложной гордости, как он, мы бы намного приблизились к цивилизации.
Все это, собравшись вместе, сливается в один поток, и вы замечаете, что писательская мастерская изначально построена на цельной монолитной философии словесного искусства. В наш стремительный век мало кто сможет привязать себя к письменному столу и сидеть за ним. Иногда думаешь, именно его основательность и терпение заставляют этого зрелого художника создавать масштабные произведения!
Мастер прозы, который всегда стоит на двух крыльях Пегаса, на самом деле обходит стороной любого ленивого сапожника, когда дело доходит до усердной работы. Тот факт, что он не уставал перерабатывать главы исторической трилогии, как будто перетирая зерно на жерновах, — тому доказательство. Великий писатель твердо усвоил, что только тщательно очищенное зерно хорошо усваивается. Сейчас Абе не думает о сегодняшнем читателе. Он давно завоевал его расположение. Теперь он проводит дни, заботясь о будущих поколениях. «Что может быть лучше, чем умереть, не оглядываясь назад!» — говорили старые мудрецы. Безусловно, стремление уйти из этой жизни, не беспокоясь о будущем тех, кто останется после тебя, — это стойкость писателя.
Итак, несмотря на то, что в будущем люди будут все меньше читать книги, не хочется сомневаться, что классические произведения все же будут прочитаны. Литература не признает ограничений в один день, один год или даже один век. Ведь именно литература и культура продвигают время вперед и способствуют гармонии между Человеком и Пространством. Человечество может изобрести новое искусство на своей стадии развития. Но даже в этом случае оно, несомненно, будет опираться на образцы предыдущих цивилизаций. Почему мы снова и снова возвращаемся к произведениям Толстого и Ауэзова? Чудо классики заключается в том, что она не теряет своей актуальности и современности в любую эпоху. Произведения Абе, которые полностью отвечают этому требованию, никогда не покроются ржавчиной.
Все это сказано, но главное — это то, что этот стойкий писатель, который с эпохи социализма и до наших дней ни на мгновение не забывал, что литература — это дело чести, а не партийности, и чьи глаза и душа не устали от стремления к вечности человечества на белом листе, пришел на эту землю, чтобы вместе с нами нести все тяготы, которые ложатся на наши сердца, — это неоспоримая истина.
Перед этой истиной мы склоняем головы перед тобой, страстно влюбленный в честную литературу, профессионал! Ты, кто неустанно выводил наружу страдания тех, кто прожил жизнь духовно пусто, ты еще нужен многим твоим поколениям!
Шархан КАЗЫГУЛ, публицист.
«Алматы ақшамы»