Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы құрған комиссия зерттеп жатқан 20 жастағы Гүлдана Нұрмағамбетованың өліміне қатысты мән-жайды «Ұлт ақпарат» хабарлайды.
«Қайтыс болған келіншек жеке клиникада тексеруден өтіп, ем қабылдаған. Сол күні жатыр түтікшесінің өткізу қабілеті тексерілген. Сот-медициналық сараптаманың болжамы бойынша, анафилактикалық шок алған. Қазіргі уақытта облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы комиссия құрды. Нақты шешім шыққан кезде қосымша ақпарат беріледі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қайтыс болған келіншектің отбасына көңіл айтады», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 14 қазан күні 20 жастағы келіншек медициналық орталықта қайтыс болды. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалды.