БТА Банкінің қаржысын ұрлау бойынша күдікті қазақстандық Өзбекстаннан экстрадицияланды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
«ҚР Бас прокуратурасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері Өзбекстаннан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Артур Трофимовты экстрадициялады», — делінген ҚР Бас прокуратурасы таратқан ақпаратта.
Ұсталған азаматқа БТА Банкінен ірі көлемде қаражат ұрлап, оны заңдастырды және ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басшылық жасаған деген күдік тағылуда.