ru.ult.kz
  • Главная
  • Общество
  • Культура
  • Спорт
  • U magazine
  • Вторая Республика
  • В мире
No Result
View All Result
На казахском
  • Главная
  • Общество
  • Культура
  • Спорт
  • U magazine
  • Вторая Республика
  • В мире
No Result
View All Result
ru.ult.kz
No Result
View All Result

Главная страница » U magazine » «Кайрат» — почти российский клуб, господин Аршавин?

«Кайрат» — почти российский клуб, господин Аршавин?

Редакция Ult.kz by Редакция Ult.kz
29 сентября, 2016
in U magazine
0

«Қайрат» футбол клубының ресейлік легионері Андрей Аршавин өз елінің спорттық басылымдарының біріне берген сұхбатында Қазақстанды «это же почти Россия» депті…

Тіл және келісім-шарт

Кеше түнде sportsdaily.ru сайтында Андрей Аршавиннің сұхбаты жарық көрді. Онда 35 жастағы футболшы «Сіз қазір Қазақстанды мысалға айтқанда, Швейцарияға ауыстырар ма едіңіз, егер де “Грассхоппер” немесе “Базель” секілді клубтардың бірінен ұсыныс түссе» деген сұраққа былай деп жауап берген:

– Әй, қайдам. Шынымды айтсам, орысша сөйлемейтін басқа елге ауысқым келмейді. Бұл тұрғыда, Қазақстан тура Ресей секілді деуге де болады. Сондықтан маған сонда (Қазақстанда) – өте жайлы.

Әрине, жасы келіп қалған футболшының енді «май шелпектен» айырылғысы жоқ. Басқа елде сол мемлекеттің тілін үйрену керек. Сол елдің діліне бойсұну керек. Тіпті кейбір елдерде футболшының келісім-шартында бұл айрықша аталып өтеді. Мәселен, “жарты жылдың ішінде жергілікті тілді үйреніп алуы керек” деп.

Ал бізде ше? Қай футболшының келісім-шартында “жарты жылдың ішінде қазақтың, құрығанда 10 сөзін жаттап алуыңыз керек” деп жазылған?! Ешбір! Бізде бәрі – орысша.

Алысқа бармай-ақ, сол «Қайратты» алайық. Алматы клубында ұлттық нақышта не бар? Шетелдік футболшыларына арналып, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу және насихаттау барысында қандай да бір жұмыстар жүргізіле ме? Күмәнім бар…

«Қайрат» клубында елде жоқ тамаша база бар. Қазіргі заман үлгісінде салынған. Сол базаның бөлмелерінің есіктеріндегі жазулар қазақ тілінде ме? Қазақша қандай сөздер жазылған? Аршавин «Қайратта» жүріп қазақ тілін ести ма екен, өзі?..

Клуб басшысы уәде бергендей еді…

Орайы келгенде, тілге қыстыра кетейік, осыдан бір жыл бұрын «Қайраттың» үр жаңа супербазасы ресми түрде ашылды. Салтанатты түрдегі ашылу рәсіміне лауазымды тұлғалар мен әйгілі қайраткерлер, қазақ футболының игі жақсылары шақырылды.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өз сөзін қазақ тілінде бастап, әрі өз ойын негізінен мемлекеттік тілде жеткізіп, ана тілімізді құрметтейтін қауымды риза қылды. Одан кейін ҚР мәдениет және спорт министрінің Спорт және денешынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов та қазақша сөйлеп, содан кейін ғана орысшаға ойысты.

Үшінші болып, «Қайрат» футбол клубы Байқаушы кеңесінің төрағасы, ауызекі тілмен айтқанда, осы клубтың қожайыны Қайрат Боранбаев сөз сөйледі. Өкінішке қарай, клуб басшысы бірден орысша бастады. Ана тілімізде бір ауыз сөз айтпады, жақ ашпады.

Одан кейін журналистерге арналған баспасөз жиыны өтті. Бастан-аяқ – орысша, әрине. Мұндай қуанышта басшының көңіл-күйін түсірмеуді ойлап, БАҚ өкілдеріне арналған басқосу аяқталған соң Қайрат Советайұлына «команда қашан қазақша сөйлейді» деп сұрақты төтесінен қойған едім. Сонда клуб басшысы «сөйлейді, әлі!» деп кесімді түрде жауап берген…

Өкінішке қарай, бір кездері иісі қазақ «Қайратым» деп үздіккен команда әлі ана тілінде сөйлер емес. Әнұраны да орысша сияқты. Әрине, мұның бәрін көріп-біліп отырған Аршавин сияқтылар енді «Казахстан – это же почти Россия» демегенде қайтсін!

Айтпақшы, көктемде «Қайрат» футбол клубы тағы да баспасөз жиынын өткізіпті. Жаңа маусым алдындағы жиылыста сол кездегі команданың бас бапкері А.Бородюк сәлемі мен сөзінің әлқиссасын қазақ тілінде бастапты. Соны кейбір әріптестерім Астанада жүрген маған сүйінші сұрағандай болып жеткізді. Рахмет, сізге Александр Генрихович!

Футболымыздың қазақы болмысы жоққа тән

Түсінбеймін. Әлі

Previous Post

Проблема проблемы

Next Post

Библиотека Отрара: миф и реальность

Next Post

Библиотека Отрара: миф и реальность

Свежие записи

  • Принуждение к половому акту: в Туркестане девушка пожаловалась на полицейских 30 января, 2026
  • В Алматы в общественном транспорте украли 4,1 млн тенге 30 января, 2026
  • В Мангистауской области муж зарезал жену, мать семерых детей 30 января, 2026
  • Xiaomi SU7 Ultra выходит на виртуальный трек Gran Turismo 7 30 января, 2026
  • Ночная ссора в Семее: опасность не имеет пола 29 января, 2026
  • В Атырауской области тело пропавшего 59-летнего мужчины нашли спустя 19 дней 29 января, 2026
  • Кровавый инцидент в Шымкенте: женщина погибла, подозреваемый задержан с оружием 29 января, 2026
  • В Жанаозене молодого врача зарезали на рабочем месте 29 января, 2026
  • В Актобе две девушки в никабах похитили смартфоны из магазина электроники. 29 января, 2026
  • В умных колонках с Алисой стали доступны новые казахстанские радиостанции 29 января, 2026

Рубрики

ULT TV U magazine Актуальное Без категории В мире Вторая Республика Год рабочих профессий Духовность Защита Интересное Комментарии Культура Национальная история Национальное искусство Общество Политика Постtimes Преступление Регионы Спорт Экономика и бизнес
Құрылтайшы: «Tengri Gold» ЖШС
2012-2021 © Ұлт порталы
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ71VPY00084887 куәлігі берілген.
Авторлық және жарнама құқықтар толық сақталған.

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Рубрики

  • U magazine
  • ULT TV
  • Актуальное
  • Без категории
  • В мире
  • Вторая Республика
  • Год рабочих профессий
  • Духовность
  • Защита
  • Интересное
  • Комментарии
  • Культура
  • Национальная история
  • Национальное искусство
  • Общество
  • Политика
  • Постtimes
  • Преступление
  • Регионы
  • Спорт
  • Экономика и бизнес
  • Главная
  • Общество
  • Культура
  • Спорт
  • U magazine
  • Вторая Республика
  • В мире

© 2026 JNews - Premium WordPress news & magazine theme by Jegtheme.

No Result
View All Result
  • Главная
  • Общество
  • Культура
  • Спорт
  • U magazine
  • Вторая Республика
  • В мире

© 2026 JNews - Premium WordPress news & magazine theme by Jegtheme.