Расследование в отношении директора "Астана-Зеленстрой" завершено

Расследование в отношении директора "Астана-Зеленстрой" завершено
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана-Зеленстрой" ЖШС бас директоры Айбар Наурызәліге қатысты пара алу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Наурызәлі биыл 2 қыркүйекте "Табиғат НС Сервис" ЖШС директоры С. Карловадан Астана қаласының Алматы және Есіл аудандарын көгалдандыру бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат алды деп күдіктенеді", - делінген хабарламада. Антикор мәліметінше, Наурызәліге тағылған айыптар арнаулы жедел іздестіру іс-шарасы, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен және т. б. расталады. "Наурызәліні ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде процестік ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады", - делінген хабарламада. Оның кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайды.