Блокпосты в Алматы: Полиция перекрыла не только дороги, но и объездные пути

Блокпосты в Алматы: Полиция перекрыла не только дороги, но и объездные пути
Алматы полициясы блок-бекеттерден тыс шағын көшелер арқылы қалаға кіріп-шығатын жолдарды анықтап, бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы онлайн-брифингте қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев айтты. «Бір тәуліктегі жұмысты қорытындылай келе полиция қалаға кіріп-шығуға мүмкіндік беретін қуыс жолдар бар екенін анықтады. Сол учаскелерге қосымша патруль бөлетін болдық. Осындай жолдардың барлығы анықталып, жабылды», - деді Жандос Мұраталиев. Айта кету керек, Алматы қаласы 19 наурыздан бастап карантинге жабылды. Қазір аса қажеттілік болмаған жағдайда қалаға жеке көлікпен кіріп-шығуға тыйым салынған. 22 наурыздан бастап бұл шектеу авиа және темір жол қатынасына да қойылады.