Лекарство от скорби: извещение о смерти или «кому достанется золото?»

Лекарство от скорби: извещение о смерти или «кому достанется золото?»
Ас­са­у ар­ғы­мақ, ау­ыз­ды­ғы­мен алыс­қан, кім­дер­ді ар­қа­сы­нан ау­да­рып тас­та­май жа­тыр – өмір. Ал­ды ар­ман­ға, жан-жа­ғы үміт­ке то­лы ты­ны­мы жоқ шыл­быр қа­ша­ған тір­лі­ктің тәтті еле­сі­нің со­ңы­нан зы­мы­рап ке­ле жат­қан қан­ша ғұ­мыр өзі де, өзге де ой­ла­ма­ған тұс­тан оқи­ят­та ома­қа­са мер­т бол­ды. Ол – бі­реу­дің ар­қа сүй­ер ә­ке­сі, ол – бі­реу­дің мей­ірім­ді ана­сы, ол – бі­реу­дің бауыр еті ба­ла­сы, ол – бі­реу­дің жү­ре­гі­нің жар­ты­сы еді ғой... «Ол ен­ді жоқ!». Қас­қа маң­дай­ын қақ жа­рып миы­на кір­ген дәл о­сы сөз­ден та­лай пен­де е­сең­гі­реп жы­ғыл­ған, тұр­ған жерін­де та­лып құ­ла­ған. Жа­нындай жа­қын аяу­лы­сы­нан айы­ры­лу қа­шанда, қан­дай мық­ты­ға да оңай соқ­па­ған. Айт­па­ғы­мыз – қа­за­ның жай­ы. Аны­ғы – ар­ғы ә­лем­ге ат­та­нып кет­кен жан­ның ар­тын­да аңы­рап қал­ған жа­қындарының жа­ны жай­лы. Ес­тір­ту, көңіл ай­ту, көңіл­қос, көңіл­шәй және та­ғы да бас­қа «ре­це­бі» ға­сыр­лар бойы қа­лып­тас­қан ха­лық ішін­де­гі қай­ғы­ның е­мі жай­лы ма­қа­ла­мыздың ал­ғаш­қы бө­лі­мін­де ес­тір­ту төңі­ре­гін­де сөз қоз­ғал­ды. Ғы­лым­ның анық­­та­ма­сын ал­ға тарт­сақ, жа­қы­ны­ның қа­за­сын ес­ті­ген сәт­те а­дам бойын­да ке­нет кө­теріл­ген өзге­ше құ­бы­лыс­тан бел­гі­лі ау­ру ту­ды­ра­тын бак­те­ри­я­лар пай­да бо­лу қау­пі аса жо­ға­ры е­кен. Ол біртін­деп ұл­ғай­ып, күн­дер­дің бір кү­ні өзін де құ­ла­тып тын­ба­сы­на кім ке­піл? Ке­нет ес­ті­ген қа­ра­лы ха­бар­ды кө­те­ре ал­май жү­ре­гі қы­сы­лып, қай­тыс бо­лып кет­кен а­дам­дар ту­ра­лы да де­рек­тер аз емес. Ал біз сол қа­за­ны ес­тір­ту­де қа­зақ­тың ға­сыр­лар бойы қа­лып­тас­тыр­ған дәс­тү­рін­ен мүл­де а­лыс кет­іп, ол қан­дай жа­қы­ны, жа­нында а­дам бар ма, жоқ па, еш­те­ңе­мен е­сеп­тес­пей а­тан­ның бе­лін ү­зер­дей ауыр қа­за­ны солқ ет­кі­зіп ай­та са­ла­тын бол­ған­быз. Ө­кі­ніш­ті. Ө­зекті өр­теп ке­тер­дей ө­кі­ніш­ті! Бұ­ған мы­сал да өте көп. Үй­де жал­ғыз отыр­ған әй­ел­ге «мәйіт­ха­на­дан ха­бар­ла­сып тұр­мыз, күй­еуіңіз қай­тыс бол­ды» деп ха­бар­ла­ған жағ­дай­дың ку­ә­сі де бол­ған едік, жұ­мыс­та қа­пер­сіз отыр­ған әй­е­лі­не те­ле­фон ша­лып «а­ғаң қай­тыс бо­лып кет­іп­ті» де­ген ша­ла­қа­зақ жас жі­гіт­ті де көр­дік... Те­гін­де, қа­за­ны көп бо­лып ке­ліп ес­тір­ту және дәл сол сәт­те­гі жұ­ба­ту ай­ту­дың қа­ра­лы жан­ға ти­гі­зер кө­мек, пай­да­сы­ның аса зор е­ке­нін бір­лі-екі­лі сөз­бен жет­кі­зе қо­ю тіп­ті мүм­кін емес. Ме­ди­ци­на, пси­хо­ло­гия ғы­лым­да­ры тү­гел, еш дау­сыз мойын­да­ған бұл а­қи­қат­қа та­ғы да сол ба­ба­ла­ры­мыз ба­сы­нан өт­кер­ген шы­найы жағ­дай­лар­ды ал­ға тар­та оты­рып ба­ян­да­сақ кө­зі­міз анық же­те тү­сер еді. Қай­ғы тү­гіл қу­а­ныш­тың өзін жал­ғыз қар­сы а­лу пен­де шір­кін­ге оңай соқ­пай­ты­нын «қу­а­ны­шым қой­ны­ма сый­май...» деп, о­ны бір жа­қы­ны­мен бө­ліс­кен­де ға­на ба­рып бай­ыз та­ба­тын­ды­ғы­нан бі­ле беріңіз. Ен­ді тұз­дан ащы, жер­ден ауыр қа­сі­рет­ті жал­ғыз өзі қал­та­сы­на са­лып қой­май­ты­ны тіп­ті де тү­сі­ніктті. А­та­ла­ры­мыз­дан ес­ті­ген әң­гі­ме. Бая­ғы­да жа­сы жет­піс­ті желке­леп қал­ған ақ­са­қал­дың аң ау­лау­ға кет­кен жал­ғыз ұ­лы да­ла­да қай­тыс бо­лып­ты. Ас­тындағы а­ты тас­тан құ­лап мерт бол­ған жі­гіт­тің мәйі­тін көр­ші ауыл­дың жі­гіт­те­рі кө­ріп, ауыл­да­ғы ақ­са­қал­дар­ға жет­кі­зіп­ті. Үл­кен­дер жыл­дам ақыл­да­сып жі­гіт­тің қа­за­сын ес­тір­ту­ге о­сы ауыл­ға жо­лау­шы­лап ке­ліп жат­қан ақ­са­қал­дың қа­сы­на бір жі­гіт қо­сып е­кі кі­сі­ні ат­тан­ды­ра­ды. Е­кеуі түс ауа ақ­са­қал­дың үйі­не ке­ліп тү­се­ді. Бей­та­ныс жо­лау­шы­лар­дың сә­ле­мін а­лып, төр­ге оз­ды­рған ақ­са­қал «ал, қай­дан жүр­сіз­дер?» де­ген­дей бұ­ры­лып қа­ра­ған­да ес­тір­ту­ге кел­ген кі­сі: «Біз бір а­лыс жақ­тан ке­ле жат­қан жо­лау­шы едік, жол­да әң­гі­ме­ле­сіп ке­ле жа­тып бір сұ­рақ­қа жау­ап тап­пай, жол­да­ғы ауыл­ға түс­тік. Ол ауыл­дың ақ­са­қал­да­ры­нан сұ­рап е­дік, ал­ға жү­ре бер­сеңіз­дер, тау­дың е­те­гін­де жал­ғыз үй отыр, сол үй­де­гі ақ­са­қал­дан сұ­ра­ңыз­дар» деп біз­ді о­сы­лай жі­бер­ді», дей­ді. «Ол қан­дай сұ­рақ е­кен?» дей­ді ақ­са­қал әл­де­не­ден се­зік­те­ніп. – Сіз бір кү­ні керуен жо­лында ке­ле жа­тып ат ба­сын­дай ал­тын та­уып ал­ды­ңыз дейік, қу­а­на қой­ның­ыз­ға салдыңыз, үй­ге а­лып ке­ліп үй і­шіңіз­ді қу­ан­ттыңыз, айна­ла ту­ыс мәз бо­лыс­ты, еп­теп шеті­нен жұм­са­дыңыз. А­лай­да бір кү­ні сол ал­тын­ды жо­ғалт­қан керуен ие­сі ке­ліп, ал­ты­нын та­ны­са, сол ал­тын ие­сі­нікі бо­ла ма, кім­ді­кі бо­ла­ды?», де­ген е­кен. Соң­да бұл сөз­ді те­гін ай­тып отыр­ма­ға­нын анық біл­ген ақ­са­қал, ауыр күр­сі­ніп, кем­пі­рін қа­сы­на ша­қы­рып: «Әй кем­пір, кел жа­қында, қо­лы­мыз­дан жа­сап ал­ға­ны­мыз рас, ба­ла­мыз­ды ие­сі ал­ған е­кен, ал­тын ие­сі­нікі бо­ла­ды, ие­сі­нікі бо­ла­ды ғой», деп кем­сең­деп жы­лап жі­бер­ген е­кен. Ес­тір­тіп отыр­ған ақ­са­қал а­ры қа­рай тоқ­тау ай­тып, са­быр­ға ша­қыр­ған­ша ір­гені дү­бір­ле­тіп көр­ші ауыл­дың қа­дір­лі ақ­са­қал­да­ры ат­тан тү­сіп, сау етіп кі­ріп ке­ле­ді. Бет кө­рі­сіп, көңіл ай­та­ды... Ақ­са­қал­дың ба­ла­сын бер­ген Ал­ла­ның о­ны өзі а­лу­ға да ха­қы­сы бар е­ке­нін дәл о­сы сәт­те (бас­қа уа­қыт­та ә­ри­не мойын­дай­ды) қа­был а­луы қа­за­ның қа­сі­ре­тін іш­ке жі­бер­мей, тос­қауыл бо­лып қал­ған жоқ па? О­дан кейін­гі қап­тап кел­ген қа­лың ел жер­ден ауыр қай­ғы­сын бө­лі­сіп же­ңіл­дет­пе­ді ме?!. Ө­мір­дің өзін­дей өлім­нің сал­ма­ғы да әрт­ү­лі е­ке­ні заң­ды­лық. Шын­ды­ғын­да Шың­ғыс хан­ның Жо­шы­ның өлі­мін се­зе оты­рып, ол қа­за­ны бас­қа­ша жол­мен ес­ті­гі­сі ке­луін­де де а­дам жа­ны­ның ауыр қа­за­да сүй­е­ніш із­дер сыр­лы құ­пи­я­сы жат­са е­кен... Үм­бе­тей­дің А­бы­лай хан­ға Бө­ген­бай­дың қа­за­сын ес­тір­туін­де «қа­за­ны ес­ту­дің ал­дында мы­на­ны тың­дап ал» де­ген­дей: «Ей, А­бы­лай, А­бы­лай, А­бы­лай ха­ным, бұл қа­лай