Руководители «СК-Фармация» и «КазСибФармацея» похитили 1,8 млрд тенге

Руководители «СК-Фармация» и «КазСибФармацея» похитили 1,8 млрд тенге
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген мөлшері аясында дәрі-дәрмектерді сатып алуға бөлінген бюджеттік қаражаттың жымқырылуына қатысты тергеу амалдарын бастады. Күдікке «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы М.Е.Касаткин мен өзге де адамдар ілігіп отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тергеу болжамына сәйкес, Касаткин «КазСибФармацея» ЖШС-ның пайдасы үшін тендерлік процедуралар кезінде аталған компаниялардың бәсекелестерінің өтінімдерін заңсыз қайтарып отырған. Бұған қоса «КазСибФармацея» ЖШС-нfн сатылып алынған дәрі-дәрмектер Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген бағадан 15 процентке қымбатқа өткізілген. Осындай жолмен 2015-2017 жылдары «СК-Фармация» мен «КазСибФармацея» басшылығы 1,8 млрд теңгені жымқырған. Қазіргі уақытта Касаткин мен «КазСибФармацея» ЖШС-ның басшысы А.О.Ахметов қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.